Жамбыл ауданы, Қаракемер ауылы тұрғындарының талай жылғы арман-тілегі орындалып, ауылдағы 300 аула түгелдей газбен қамтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сегіз жыл бойы көпшілік тарапынан көтеріліп келген көгілдір отын мәселесі биыл шешімін тапты. Аталған жоба «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр. Ауыл тұрғындарына мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, мамыр айынан бастап «Газ-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 182 миллион 270 мың теңгеге 13 шақырым 149 метр болатын жерасты құбырларын, газ тарту бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізді.
Бүгінде «Жамбыл-Жылу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауылдағы аулаларды қосып, үй ішіне газ тартуда. Серіктестік директоры Дастан Рсалиевтің айтуынша, газ тарту құны 100 мың теңгені құрайды. Жамбыл ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ерлан Қыдыралыұлы, аудандық мәслихат хатшысы Рүстем Бегалиев, облыстық мәслихаттың депутаты Масат Берік каракемерліктердің қуанышына ортақтасып, жылы лебіздерін жеткізді. Ауыл ақсақалы Ахатай Балқыбеков көпшілікке ақ батасын беріп, ауылға газдың кіруіне атсалысқан барша азаматтарға алғыс айтты. Ал, Қаракемер ауылының тұрғыны, алтын алқа иегері Алшакүл Қалыбаева да көпшілікке ізгі тілегін арнады. «Мен 86 жастамын. 10 баланың анасымын. Қаракемерге келін болып түскеніме 70 жыл болыпты. Содан бері осы ауылдамын. Құдайға шүкір, ауылымыз дамып келеді. Ауылға газ келгенінің өзі біз үшін үлкен қуаныш. Осы жұмысқа атсалысқан барша азаматтарға алғыс айтамын», дейді батыр ана.
Зейнетақы жинақтарын қалай тексеруге болады?
Экономика • Бүгін, 13:33
Руханият • Бүгін, 13:32
Қостанай архивіне Татарстаннан құнды құжаттар әкелінді
Руханият • Бүгін, 13:10
Германия карантинді 14 ақпанға дейін ұзартты
Әлем • Бүгін, 12:53
Сицилияда тұрғын үйлер 1 еуродан сатылып жатыр
Әлем • Бүгін, 12:50
Мемлекеттік басқару Академиясының түлегі Алматыдағы Nur Otan филиалын басқарады
Тағайындау • Бүгін, 12:45
Өткен жылы 99 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты төлем алды
Қоғам • Бүгін, 12:31
Ұрылар 3 млн теңгенің мүлкін қолды еткен
Аймақтар • Бүгін, 12:26
Жөтелді арақ буымен емдеуге бола ма?
Қоғам • Бүгін, 12:20
Дубайдан ұшып келген жолаушыдан коронавирус табылды
Қоғам • Бүгін, 12:16
Қуат Хамитов интернетке қосыла алмағандықтан сот отырысы кейінге қалдырылды
Қазақстан • Бүгін, 12:07
21 қаңтарда Сенаттың кезекті отырысы өтеді
Парламент • Бүгін, 12:06
Өмірзақ Шөкеев Түркістанда жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралады
Аймақтар • Бүгін, 12:03
Аягөзде 5 қабатты 60 пәтерлі екі тұрғын үй бастау алады
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Мағзұм Мырзағалиев қарағандылықтарға жаңа Экологиялық кодексті таныстырды
Аймақтар • Бүгін, 11:55
Атырауда сотталған азамат еріктілер қатарына қосылды
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Монархияны сынаған таиландық 43 жылға сотталды
Әлем • Бүгін, 11:46
Глубокое ауданы ауызсумен қамтамасыз етіледі
Аймақтар • Бүгін, 11:37
Балаларды вакцинациялауға қатысты жалған ақпарат тарады
Қазақстан • Бүгін, 11:30
Алматылықтар 80 миллион теңге шамасындағы қарыздарын төлемейтін болды
Аймақтар • Бүгін, 11:29
Ұқсас жаңалықтар