Nur Otan партиясы Мәжіліс сайлауына арналған сайлауалды бағдарламасын сарапшылар, белгілі саясаттанушылар, қоғам белсенділері мен экономистер назарына ұсынды.

Партияның сайлауалды бағдарламасын талқылауға Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шәукенова, Экономикалық зерттеулер институтының төрағасы Руслан Сұлтанов, саясаттанушылар Айдос Сарым, Максим Казначеев, Ислам Кураев және Расул Жұмалы, Еуразиялық интеграция институтының директоры Ерлан Саиров, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының басшысы Рахым Ошақбаев, сарапшылар Ярали Халилов, Нұрлан Махмудов, Белла Газдиева, Ләззат Нұрқатова қатысты.
Кездесуде сөз алған Nur Otan партиясының хатшысы Арман Қырықбаев Елбасы, Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен жұмыс тобы Үкіметпен бірлесе бұрынғы тәжірибе мен әлемдік трендті ескере отырып, қоғам сұранысына жауап беретін бағдарламаны екі ай бойы пысықтағанын жеткізді.
Еліміз бойынша 70-ке жуық фокус-топтан тұратын зерттеу жүргізіліп, халықтың көңіл күйі мен мемлекеттік органдар, саяси партиялардан не күтетіні зерделенген.
Бастапқыда бағдарлама жобасы салалық сипатқа ие болса, пысықталғаннан кейін бесжылдық құжатта халықтың барлық тобының сұранысы барынша қамтылған.
Nur Otan партиясының бағдарламасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасы мен халыққа Жолдауында көрсетілген міндеттерге негізделген. Аталған құжаттардағы идеялар партияның сайлауалды бағдарламасының нақты индикаторларында, шаралары мен міндеттерінде анық көрінеді.
Сарапшылар Nur Otan партиясының бағдарламасы пандемия салдарынан туындаған күрделі экономикалық ахуалға қарамастан, жоғары көрсеткіштерді көздейтінін атап өтті. Олар сондай-ақ жақында өткен партияішілік праймеризге қатысты да пікірлерін білдірді.
Сарапшы Белла Газдиеваның айтуынша, праймериздің арқасында азаматтардың өзекті ұсыныстары мен өтініштері жиналып, бағдарлама жобасына енген. Өз кезегінде саясаттанушы Максим Казначеев партия алдағы сайлау науқанының күн тәртібін айқындап алғанын атап өтті.
«Сайлауалды бағдарлама партияның дағдарыс кезінде жедел шешімдер қабылдай отырып, заман ырғағына сай әрекет ететінін көрсетеді. Өткен праймериз партияның жүйелі жаңаруға дайын екенін дәлелдеді. Партияішілік іріктеу барысында белсенді тұлғаларды анықтауға мүмкіндік туды. Партия қатары жаңа мүшелермен, оның ішінде өз саласының танымал тұлғаларымен толықты. Өңірлердегі пікірталастарда бағдарламалардың қызу талқылануы қорытынды құжатта нақты проблемалардың ескерілетінін білдіреді», деді Максим Казначеев.
Кездесу соңында қатысушылар бірқатар ұсыныстарын ортаға салды. Арман Қырықбаев барлық ұсыныстардың қаралып, ескерілетінін жеткізді.
Осыған дейін партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Nur Otan әр өңір, қала мен аудан бойынша 216 сайлауалды бағдарламасының жобасын әзірлеген-ді. Жобалар өңірлердегі, оның ішінде шалғай елді мекендердегі халықпен кездесулерден түйген мәселелер картасы негізінде әзірленген.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында бағдарламалардың барлық жобалары праймериз барысында тұрғындармен кеңінен талқыланып, қабылданған өңірлік бағдарламаларда азаматтардан түскен 17 мың ұсыныс пен ескертулердің 80%-дан астамы назарға іліккен.
Қазақстан күнбағыс тұқымына экспорттық баж салығын енгізуі мүмкін
Экономика • Кеше
Қорғаныс министрі Алматы облысына жұмыс сапарымен барды
Аймақтар • Кеше
Шетелден ұшып келген 2 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
AКРA: Қазақстанның ұлттық қарызы ІЖӨ-нің 26,6% -на жетуі мүмкін
Экономика • Кеше
Шымкентте жан басына қаржыландырудың көлемі артты
Аймақтар • Кеше
Мақтааралда құрылыс жұмыстарының көлемі 255,4%-ға артты
Аймақтар • Кеше
Экология министрлігі экологиялық құқықбұзушылықпен күреседі
Экология • Кеше
«KazALPack» Орталық Азия аумағында бірегей жобаны жүзеге асырмақ
Аймақтар • Кеше
Пневмониядан 1 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Коронавирус жұқтырған 302 адамның жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Өткен тәулікте 1 548 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Елімізде тағы 1050 адам індеттен айықты
Коронавирус • Кеше
Қазақстанның ватерполшылары Нидерландпен күш сынасады
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Конор Макгрегордың табысы қанша?
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда әйелдер онкологтарға тегін қарала алады
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың күшіне енуіне орай СІМ мәлімдеме жасады
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды
Әлем • 22 Қаңтар, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімін қабылдады
Елбасы • 22 Қаңтар, 2021
Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Елбасы • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда Көк-Төбедегі ағаштар заңсыз кесіліп жатыр
Экология • 22 Қаңтар, 2021
Канадада Қазақстандағы парламенттік сайлау қорытындылары талқыланды
Әлем • 22 Қаңтар, 2021
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 22 Қаңтар, 2021
Алматының АT-архитектура жоспары бекітілді
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Түркістанда 1361 дау медиаторлардың қатысуымен оң шешілген
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелері түсіндірілді
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Қызмет барысында қаза тапқан полицейлерді еске алу жиыны өтті
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
«Ер Едіге-Ноғайлы дәуірінің жыры» атты музыкалық альбом жарық көрді
Руханият • 22 Қаңтар, 2021
Карантин шараларын бұзғаны үшін жабылған мекемелердің тізімі жарияланды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ержан Бабақұмаров COVID-19-дан сақтану шараларын күшейтуді тапсырды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ақтөбе облысы әкімінің экс-орынбасары 12 жылға сотталды
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Мемлекет басшысы Алексей Цойды қабылдады
Президент • 22 Қаңтар, 2021
Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Атырауда 35 жастағы азаматшаны тонап кетті
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру бойынша конкурс ұйымдастырылады
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда кәсіпкерлерді қызметкерлерін МӘМС жүйесінде 25 қаңтарға дейін сақтандыруға шақырды
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Мақтаралда көктемгі егіс жұмыстары басталды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Батыс Қазақстанда вирусқа қарсы екпе 180 мыңнан аса адамға егіледі
Медицина • 22 Қаңтар, 2021
Татарстандағы мұнай кәсіпорнында жарылыс болды
Видео • 22 Қаңтар, 2021
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Ақсу қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Елордада 7 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Заңгерлерді даярлау меморандумына қол қойды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайт жарияланды
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Петропавлда анасы 3 жасар қызын ұрып, жансақтау бөлімінен бірақ шығарды
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 23 жоба жүзеге асты
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
GPS-бақылау жүйесі Қазсушардың барлық көліктері мен техникаларына орнатылған
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда «Алтай», «Сапар», «Ақбұлақ» базарларын жаңарту жоспарлануда
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Тұрғын үй сатып алуға зейнетақы салымдарын қалай пайдалануға болады?
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Ақтөбе облысындағы кеніштегі жазатайым оқиғаның себебі анықталды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Коронавирус жұқтырған Мейрамбек Бесбаев қазақстандықтарды індеттен сақ болуға шақырды
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтанда COVID-19 індетінің өсуі байқалады
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Шетелден келген 10 жолаушыдан коронавирус табылды
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Энергетика министрлігінде жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тәсілдері талқыланды
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
«Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Ауданды 100 пайыз газбен қамту міндеті тұр
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ұқсас жаңалықтар