Руханият • 25 Қараша, 2020

Жамбылдың жырын жалғаған ақын Надежда Лушниковаға құрмет көрсетілді

590 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жетісудағы жүлгесі үзілмеген ақын­дық дәстүрді жалғаған ақын На­дежда Лушникова биыл 80 жастың сең­гіріне шықты.

Жамбылдың жырын жалғаған ақын Надежда Лушниковаға құрмет көрсетілді

Өткен ғасырдың 40-жылы Алматы облысының Қарасай ауданына қа­расты Шамалған ауылында туған ақын қазақтың айтыс өнеріндегі айтулы тұлғаның бірі. Ұлты орыс бол­ғанымен, қазақ мектебінде білім алған Надежда Андрейқызы қаламды бала күнінен жолдас қылып, ел өмірін, та­биғат ғажайыбын жырмен кестелеген. 1969 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты филология факультетінің қазақ бөлімін бітірген. Ал айтыс сахнасына алғаш1963 жылы Қызылорда қаласында шығып, осында өткен облыстық айтысқа қатысып, жүлдегер болды. Оның шымкенттік ақын Қалдыбек Әліқұловпен айтысы киноға түсіріліп, Кеңес Ода­ғы көрермендерінің назарына ұсы­нылған. Надежда Лушникова тек айтыс өнерінде ғана емес, руханият­тың басқа саласында да тер төкті. Көп жылдар газетте әдеби қызметкер, баспа редакторы, мектепте мұғалім болды. 1985 жылдан бастап Үмбетәлі Кәрібаев мұражайының директоры қызметін атқарып, бүгінде зейнетке шыққан.

Ақын Надежда Лушникованың 80 жасқа толуына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттық­тау хатын жолдаған екен. Жақында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Надежда Андрей­қызының шаңырағына келіп, Президенттің сәлемін жеткізді. Ал Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли ақынды облыс басшысы Амандық Баталовтың атынан құттықтап, облыстық мәслихаттың шешімімен берілген «Алматы об­лы­­сының Құрметті азаматы» атағын тапсырды.

Сондай-ақ Надежда ақын өз ту­ған күнінде Мәдениет және спорт ми­нистрі Ақтоты Райымқұловадан, «Қа­зақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қыз­мет­керлерінің кәсіптік одағы» қо­ғам­дық бірлестігінен, облыстық мә­дениет, архивтер және құжаттама бас­қармасынан да Алғыс хаттар алды. Ал аудан әкімі Бағдат Әлиев ақынға барша Жамбыл ауданы тұрғындарының ыстық сәлемін жеткізіп, сый-сияпат жасады.

 

Алматы облысы