Отандық ауылшаруашылық білімі мен ғылымының қарашаңырағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің құрылғанына – биыл 90 жыл. Оқу орнымыздың негізін қалаған Алаш қайраткері Ораз Қиқымұлы Жандосовтың есімі біздің университет ұжымы үшін өте ерекше және оны мақтан тұтамыз. Ағартушылық салада Халық комиссары болып жүрген шағында орасан істер атқарған О.Жандосовтың тікелей ұйымдастыруымен елімізде педагогикалық, ауылшаруашылық және ветеринарлық институттармен қатар орта білім беретін бірнеше мекеме ашылды.

Коллажды жасаған Амангелді Қияс, «EQ»
Университетіміздің тарихына үңілсек, ол елімізде 1929 жылы Ветеринарлық институттың құрылуынан бастау алады. Бұл – Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу орындарының бірі. Көп ұзамай Ветеринарлық институт Ветеринарлық-зоотехникалық институт болып қайта құрылды. Институттың бірінші директоры білікті ғалым-микробиолог И.В.Сайкович болды. 1933 жылы институттың атауы Алматы зооветеринарлық институты деп өзгертілді.
1930 жылы егіншілік және жеміс-көкөніс факультеттерінен тұратын Қазақ ауылшаруашылық институты құрылып, оның бірінші директоры болып О.Жандосов тағайындалды. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын екі жыл басқарған қысқа мерзім ішінде ол институт қабырғасына білікті мамандарды, зерделі ғалымдарды тартты. Жоғары оқу орнының беделін арттыруға белсене атсалысқандардың арасында Алаш зиялыларымен қатар, ҚазКСР Ғылым академиясының академигі, заманымыздың заңғар жазушысы, ұлы қаламгер Мұхтар Әуезов осы институтта қазақ және орыс тілдерінен дәріс берген.
Ауылдан шыққан қазақтың қарапайым баласы ретінде О.Жандосов көптеген қиындыққа қарамастан, талай белесті бағындырып, бірқатар лауазымды қызмет атқарған. Мәскеудегі Тимирязев атындағы ауыл шаруашылығы академиясында жоғары білім алған көрнекті тұлға жинаған білімі мен тәжірибесін туған жерінің өркен жаюына жұмсады.
Ораз Жандосов саяси қызметтерде жүріп, қазақ баласының ғылым мен білімге қол жетуі үшін жанын салып, қазақ ауылдарының көркеюі үшін аянбай тер төкті. Орталық биліктен қазақ елінің өз экономикасы болу керек деген идеяны ұстанған ол – жер-су реформасын әзірлеп, халықтың оны тиімді мөлшерде пайдалануына мүмкіндік туғызған, өзінің артында үлкен рухани мұра қалдырған бірегей тұлға.
О.Жандосов 1899 жылы 20 ақпанда Жетісу өлкесінде дүниеге келген. Қайраткер тұлғаның туған жері бүгінде Жандосов ауылы деп аталады. Ол бар-жоғы 39 жас өмір сүрді. 1937 жылы сталиндік саяси репрессияның құрбаны ретінде ұсталып, «халық жауы» деген жаламен 1938 жылдың 2 наурызында жазықсыз атылды. Араға ұзақ жылдар салып, тарихи әділеттілік орнап, О.Жандосов бірқатар Алаш қайраткерімен қатар 1957 жылы сегізінші маусымда ақталды.
Бүгінде ел мұраты жолында құрбан болған тұлғаның өмірі мен халқына жасаған қызметін ерліктің үлгісі деп батыл айта аламыз. Себебі Ораз сынды Алаш арыстары осы тоталитарлық жүйенің «қанды қылышының» қаупін біле отыра, еңбектерін халық пен ұлт мүддесін қорғауға бағыттады.
1918 жылы О.Жандосов большевиктер партиясы қатарына қосылып, кейін Верный уездік-қалалық Кеңесінің нұсқаушысы лауазымынан қызмет жолын бастады. Одан кейін Жетісу облыстық атқару комитеті ұлттар мәселесі бөлімінің меңгерушісі, Түркістан Компартиясы мұсылман коммунистері облыстық секциясының төрағасы, Жетісу облыстық революциялық комитетінің төрағасы, «Қосшы» облыстық комитетінің төрағасы, Түркістан Компартиясы ОК үгіт бөлімінің меңгерушісі, ВКП(б) Қазақ өлкелік комитетінің үгіт-насихат бөлімінің төрағасы, ҚазАССР халық ағарту комиссары, Қазақ ауыл шаруашылығы институтының директоры, ВКП(б) Кеген аудандық комитетінің хатшысы, Алматы облыстық атқару комитеті төрағасы сияқты жауапты қызметтерді атқарды. Сол жылдардағы республикалық, одақтық Атқару комитеттерінің мүшесі болды.
Ораз Қиқымұлы – өз заманындағы еліміздің әлеуметтік, ауылшаруашылық салаларын терең зерттей отырып, ұлттық мәселелерді шеше білген азамат. Биік мақсаттарды алдына қойған қайраткер тұлға ауыл экономикасын зерттеу жөніндегі үлкен экспедицияны басқарып, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысып, ғылыми еңбектер жазды. Қамшының сабындай ғана қысқа ғана ғұмырында ол қазақ елінің саяси және әлеуметтік мүддесі үшін күресіп, мәдени, оқу-ағарту ісін көтеруге де елеулі еңбек сіңірді. Қазақ тілінде ешбір оқулықтың, әдебиеттің жоқ кезінің өзінде ол қазақ баласының білім алып, сауатты болуы үшін алғаш ауыл мектептерін ашқызған еді. Ұлт болашағына алаңдап, қазақ мемлекетінің өркендеуі үшін тынбай еңбек еткен ұлы тұлғамызды қалай ұлықтасақ та артық емес.
Тарихшыларымыздың деректеріне сүйенсек, 1918 жылы небәрі 19 жасқа келген О.Жандосов Қазақстандағы іс-қағаздарды қазақ тілінде жүргізу керек деген мәселені көтерген. Ал жиырма екі жасқа келген шағында ол «Верный» қаласының атауын «Алматы» етіп өзгерту бұйрығына қол қойған!
Отызыншы жылдардың басында орын алған ұлы жұт кезінде де О.Жандосовтың тікелей араласуымен Орталық Қазақстанның біраз жеріне астық егіліп, жергілікті халықтың нанға қолы жеткені тарихтан белгілі.
Қысқа өмірінде ол қандай қызметте болмасын қоғам, халық, ұлт мүддесі жолында аянбай еңбек етті. Оның өмір жолы, айнымас ұстанымы – бүгінгі ұрпақ үшін зор үлгі және өнеге. Сондықтан оқу орнымыздың негізін қалаушы, мемлекет және қоғам қайраткерінің қызметі мен өмірін жаңғыртып, кейінгі жастарға насихаттауды біздің парызымыз деп санаймыз. Осы бағытта айтарлықтай жұмыстар атқарып келеміз. Жыл сайын университетте «Ораз Жандосов оқулары» аясында сан салалы ғылыми конференциялар, семинарлар мен байқаулар ұйымдастырылып келеді. Қазіргі уақытта университетіміздің бас ғимараты төрінде О.Жандосовтың келбетті портреті ілулі тұр.
Оқу орнымыздың берік іргетасы – ұлтымызға еңбегі сіңген О.Жандосовтай ірі қайраткерлердің ерлік істерімен, ұлағатты ұстаз-ғалымдардың даналығымен, олардың білім, ғылымға деген ізденісі мен құштарлығының арқасында қалыптасқан. Біз кешегі ұлылар салған соқпақпен жүріп, солардың өнегелі ұлы істерін жалғастырып келеміз.
Ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында, 1996 жылы Алматы зооветеринарлық институты мен Қазақ ауылшаруашылық институты біріктіріліп, соның негізінде Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті құрылды. Елбасы Жарлығымен 2001 жылы оқу орнымыз Ұлттық университет мәртебесін иеленді. Мақсатты жұмыс жүргізудің арқасында тоқсан жылдық мерейлі белеске көтерілген университетіміз биыл тағы бір ең үлкен табысқа жетіп, Қазақстан Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы қаулысымен ұлттық зерттеу университеті мәртебесін иеленді.
Туған жерінің тұғырлы перзенті О.Жандосов қазақ баласы еркін қоғамда өмір сүріп, білім мен ғылымды игеріп, өзге жұртпен терезесі тең болсын деп армандап өтті. Бабаларымыз сан ғасыр ұмтылған, Ораз сынды Алаш зиялылары мұрат еткен тәуелсіздікке бүгінгі ұрпақтың қолы жетті. Ауыл жастары заманауи озық біліммен қаруланып, еліміздегі жоғары оқу орындарымен қатар, шетелдің беделді университеттерінде білім алу мүмкіндігіне ие болуда. Туған жер тамырынан нәр алған осы жастардың легіне біз дұрыс бағыттағы білім мен тәрбие бере алсақ, олар келешекте біздің ұлттық келбетіміздің негізгі көрсеткіші болатыны даусыз. Сондықтан ауылда туып, ата-баба салтынан ажырамай, дәстүрімізді сақтап, тұлғаларымызды дәріптеп, құндылықтарымызды бойына сіңіріп өскен ұрпақтың болашағын қамтамасыз ету ең басты елдік мақсат екені даусыз.
Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан – Алаш қайраткерлері армандаған биік мұраттар іске асырылып отырған еркін ел. Қазақ елін биікке көтеретін, оны әлемге таныта түсетін зерделі білім мен озық ғылымды игерген бүгінгі жастарымыз болашақ ауыл шаруашылығы мамандары болып қана қоймай, өз елінің нағыз қайраткер азаматы болуға тиіс. Сондықтан бүгінгі ұрпақ үшін О.Жандосовтың өмірі мен қызметі отансүйгіштік пен халыққа адал қызмет етудің үлгісі.
Тілектес ЕСПОЛОВ,
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің басқарма төрағасы – ректор,
ҰҒА вице-президенті, академик
Қазақстан күнбағыс тұқымына экспорттық баж салығын енгізуі мүмкін
Экономика • Кеше
Қорғаныс министрі Алматы облысына жұмыс сапарымен барды
Аймақтар • Кеше
Шетелден ұшып келген 2 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
AКРA: Қазақстанның ұлттық қарызы ІЖӨ-нің 26,6% -на жетуі мүмкін
Экономика • Кеше
Шымкентте жан басына қаржыландырудың көлемі артты
Аймақтар • Кеше
Мақтааралда құрылыс жұмыстарының көлемі 255,4%-ға артты
Аймақтар • Кеше
Экология министрлігі экологиялық құқықбұзушылықпен күреседі
Экология • Кеше
«KazALPack» Орталық Азия аумағында бірегей жобаны жүзеге асырмақ
Аймақтар • Кеше
Пневмониядан 1 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Коронавирус жұқтырған 302 адамның жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Өткен тәулікте 1 548 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Елімізде тағы 1050 адам індеттен айықты
Коронавирус • Кеше
Қазақстанның ватерполшылары Нидерландпен күш сынасады
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Конор Макгрегордың табысы қанша?
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда әйелдер онкологтарға тегін қарала алады
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың күшіне енуіне орай СІМ мәлімдеме жасады
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды
Әлем • 22 Қаңтар, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімін қабылдады
Елбасы • 22 Қаңтар, 2021
Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Елбасы • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда Көк-Төбедегі ағаштар заңсыз кесіліп жатыр
Экология • 22 Қаңтар, 2021
Канадада Қазақстандағы парламенттік сайлау қорытындылары талқыланды
Әлем • 22 Қаңтар, 2021
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 22 Қаңтар, 2021
Алматының АT-архитектура жоспары бекітілді
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Түркістанда 1361 дау медиаторлардың қатысуымен оң шешілген
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелері түсіндірілді
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Қызмет барысында қаза тапқан полицейлерді еске алу жиыны өтті
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
«Ер Едіге-Ноғайлы дәуірінің жыры» атты музыкалық альбом жарық көрді
Руханият • 22 Қаңтар, 2021
Карантин шараларын бұзғаны үшін жабылған мекемелердің тізімі жарияланды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ержан Бабақұмаров COVID-19-дан сақтану шараларын күшейтуді тапсырды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ақтөбе облысы әкімінің экс-орынбасары 12 жылға сотталды
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Мемлекет басшысы Алексей Цойды қабылдады
Президент • 22 Қаңтар, 2021
Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Атырауда 35 жастағы азаматшаны тонап кетті
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру бойынша конкурс ұйымдастырылады
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда кәсіпкерлерді қызметкерлерін МӘМС жүйесінде 25 қаңтарға дейін сақтандыруға шақырды
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Мақтаралда көктемгі егіс жұмыстары басталды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Батыс Қазақстанда вирусқа қарсы екпе 180 мыңнан аса адамға егіледі
Медицина • 22 Қаңтар, 2021
Татарстандағы мұнай кәсіпорнында жарылыс болды
Видео • 22 Қаңтар, 2021
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Ақсу қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Елордада 7 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Заңгерлерді даярлау меморандумына қол қойды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайт жарияланды
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Петропавлда анасы 3 жасар қызын ұрып, жансақтау бөлімінен бірақ шығарды
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 23 жоба жүзеге асты
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
GPS-бақылау жүйесі Қазсушардың барлық көліктері мен техникаларына орнатылған
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда «Алтай», «Сапар», «Ақбұлақ» базарларын жаңарту жоспарлануда
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Тұрғын үй сатып алуға зейнетақы салымдарын қалай пайдалануға болады?
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Ақтөбе облысындағы кеніштегі жазатайым оқиғаның себебі анықталды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Коронавирус жұқтырған Мейрамбек Бесбаев қазақстандықтарды індеттен сақ болуға шақырды
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтанда COVID-19 індетінің өсуі байқалады
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Шетелден келген 10 жолаушыдан коронавирус табылды
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Энергетика министрлігінде жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тәсілдері талқыланды
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
«Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Ауданды 100 пайыз газбен қамту міндеті тұр
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ұқсас жаңалықтар