29 Қараша, 2013

Жұмыс тобының төртінші отырысы

1176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Ұлттық тарихты зерделеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының төртінші отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Ақордада алғашқы басқосу өткізілгеннен бергі алты ай ішінде атқарылған жұмыстар қорытындысы шығарылды.

Отырысқа қатысушылар ұлттық тарихты зерделеу жөнінде одан әрі атқарылар жұмыстар перспективаларын талқылады.

Жұмыс тобының мүшелері ­оқу-әдістемелік және ғылыми-­зерт­теушілік сипаттағы проблема­лар­ға тал­дау жасау аясында еліміздің же­текші ұлттық жоғары оқу орындары – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық университеті мен Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық универ­си­тетінің тәжірибелерімен танысты.

Сондай-ақ, мұражай-мұрағат ісін дамытудың өзекті мәселелері қаралды.

Отырыс қорытындысында уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар, республиканың оқу және ғылыми-зерттеу мекемелері үшін бірқатар ұсынымдар әзірленді.