Темір ауданындағы бір аудандық аурухана, 5 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік және 16 медициналық пункт болса, енді солардың қатары тағы бір емдеу мекемесімен толықты, деп хабарлайды Egemen.kz

Аудан орталығынан 50 шақырым жерде орналасқан, Алтықарасу ауылдық округіне қарасты Еңбекші елді мекеніндегі 2004 жылы жабылып қалған жабылып қалған медициналық амбулаторияны қайта ашуға ауыл тұрғындары былтыр өтініш білдірген еді. Адам санының аздығынан емдеу мекемесі жабылған соң ғимараты да күтімсіздіктен азып-тозып бара жатты.
Биыл жазда осы жерде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Құрылыс жұмыстарына "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы бойынша ауылдың жұмыссыз тұрғындары тартылды. Барлық жөндеу шығыны – 61 миллион теңгеге аяқталған амбулаторияға заманауи медициналық жабдықтар да әкелінді. Енді бұл жерде 3 фельдшер-акушер мен медбике күніне 20 адамға дейін медициналық көмек көрсетпекші.
"Дәрігерлік көмек алу үшін Еңбекші ауылының тұрғындары Алтықарасуға, не аудан орталығы Шұбарқұдыққа қатынайтын. Егде жастағы адамдар мен жүкті келіншектерге дәрігерлік тексерістен өтуге қайта-қайта 6-70 шақырым жерлегі аудан орталығына қатынау қиынға түсті. Өтінішіміз қабыл болып, ауылымызда ақ халаттыларымыздың болуы біздер үшін көп көмек", дейді ауыл тұрғыны Сайын Боранқұлов. Еңбекші ауылының тұрғындары амбулаторияның ашылу салтанатында құрылыс жұмыстарын жүргізген "Тана-Пракс" ЖШС басшысы Жұматай Бексұлтановқа ризашылықтарын білдірді.
Спорт • Кеше
Спорт • Кеше
Конор Макгрегордың табысы қанша?
Спорт • Кеше
Алматыда әйелдер онкологтарға тегін қарала алады
Аймақтар • Кеше
Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды
Әлем • Кеше
Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімін қабылдады
Елбасы • Кеше
Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Елбасы • Кеше
Алматыда Көк-Төбедегі ағаштар заңсыз кесіліп жатыр
Экология • Кеше
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды
Аймақтар • Кеше
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматының АT-архитектура жоспары бекітілді
Аймақтар • Кеше
Түркістанда 1361 дау медиаторлардың қатысуымен оң шешілген
Аймақтар • Кеше
Қызмет барысында қаза тапқан полицейлерді еске алу жиыны өтті
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар