Нұр-Сұлтан қаласындағы Т.Айбергенов атындағы №16 мектептің мұғалімі Елизавета Шнайдермен танысқанымызда, оның қазақша мүлтіксіз сөйлегеніне таңырқағанымыз рас.
«Таңданатын ештеңесі жоқ, қазақ даласында туып-өстім. Павлодар облысы, Тереңкөл ауданы, Тегістік ауылында 8-сыныпқа дейін қазақ мектебінде оқыдым. Жоғары сыныптарды Павлодардағы Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында оқып-бітірдім. Алматыдағы Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-ге оқуға түстім. Ұлттық университетті орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп, 25 жылдан бері ұстаздық етіп келемін. Отбасымызда 9 жанбыз. Үйде түгел қазақша сөйлейтінбіз. Себебі қазақша хат танып, сауатымызды аштық. Үйде әкем қазақша, анамыз орысша, әжем немісше сөйлейтін. Ата-анамыз жергілікті жұртпен тонның ішкі бауындай араласып кетті, таза қазақы ауыл болғаннан біз де тілді тез үйреніп кеттік. Үлкен ағам Владимир Шнайдер филология ғылымдарының кандидаты, доцент, «Тұран-Астана» университетінде кафедра меңгерушісі. Қазақ тілін үйренуге, тіл біліміне қатысты біршама еңбектің авторы», дейді Елизавета Александровна.
– Тарихи отандарыңызға оралу туралы ой болмады ма?
– Біздің отанымыз – Қазақстан. Бұл менің әкемнің айтқаны. 1990 жылдары жергілікті немістердің Германияға қоныс аудару үдерісі басталды. Ауылдан, ауданнан тарихи отандарына оралып жатқандары болды. Бізде нақты ондай ой болған жоқ. Оның үстіне ол кезде көп нәрсенің байыбына бармайтын жастау кезіміз. «Әке, ел Германияға кетіп жатыр ғой. Біз де кетейік те», дегенбіз жай ғана әзілдеп. «Менің әке-шешемнің сүйегі осында жатыр. Мен де осында қаламын. Мен де басқа Отан жоқ», деп кесіп айтты әкем. Осы сөзден кейін отбасымызда бұл мәселе қайта қозғалған емес. Анамыз, біраз бауырларымыз әлі күнге Тегістікте отыр, тым құрыса аудан орталығына жылжысаңдаршы деп келтіре алмадық. Ауылға әбден бауыр басқан.
«Зобалаң жылдары ата-бабаларымыз қуғын-сүргінге ұшырап, қазақ жеріне қоныс аударғаны мәлім. Қиын кездерде демеу болып, қолдау көрсеткен ата-бабаларымыз үшін қазақ халқына алғысымыз шексіз. Қазақ еліне, жеріне деген сүйіспеншілігімізді қазақ тілін білу арқылы жеткізе аламыз. Жалпы, әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді білуі керек. Себебі мемлекетті тану – мемлекеттік тілді үйренуден басталады.
1995 жылдан бастап орыс сыныптарына қазақ тілін оқытып келемін. Балалардың қазақ тіліне деген қызығушылығы зор. 4-9 сыныптарда орысша араластырамыз, аударма жұмыстары болады. Ал жоғары сыныпта бірде-бір орыс сөзін араластырмай дәріс өтіп жүрмін. Мектеп бітіргенде балалар өз ойын қазақ тілінде толықтай жеткізе алады», дейді Елизавета ұстаз.
Келесі сұхбаттасымыз да осы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі украин қызы Виктория Визнович. «Мен Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, Бүркітті ауылында дүниеге келдім. Таза қазақы ортада өстім. Үйде, отбасымызда орыс, қазақ тілдерін қатар қолданамыз. Қазақ мектебінде оқығандықтан, қазақы ортада өскендік те болар, маған ойымды орысша жеткізгеннен қазақша жеткізу оңай. Бала күнімнен ұстаз болуды армандаушы едім. Елордадағы Гуманитарлық колледжді бітірдім, Қарағандыдағы Е.Бөкетов атындағы университетте «қазақ филологиясы» мамандығы бойынша 2-курста оқып жүрмін. Бүгінде міне, елордадағы «...мен марттағы найзағай күркірімін, Құрманғазы күйінің бір тілімін», деп жасындай жарқ етіп жырлап өткен Төлеген ақын атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен дәріс беріп, ұстаздық етіп жүрмін. Мамандығымды сүйемін, осындай ғажап мекен Қазақ елінің бір кірпіші болып қалануға, қызмет етуге барымды саламын. Көптеген конференция мен курстарға қатысып, біліктілігімізді көтеріп, латын графикасы негізіндегі жаңа емле ережелерін меңгеріп жатырмыз. Отандастарыма ұлтыңызға, жасыңызға қарамай, мемлекеттік тілді үйенуге талпыныңыз. Себебі қазақ тілі – біздің байтақ Отанымыздың басты байлығы, арқау-арнасы дегім келеді», дейді жас мұғалім Виктория.
Әтіргүл ТӘШІМ,
журналист
Спорт • Кеше
Спорт • Кеше
Конор Макгрегордың табысы қанша?
Спорт • Кеше
Алматыда әйелдер онкологтарға тегін қарала алады
Аймақтар • Кеше
Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды
Әлем • Кеше
Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімін қабылдады
Елбасы • Кеше
Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Елбасы • Кеше
Алматыда Көк-Төбедегі ағаштар заңсыз кесіліп жатыр
Экология • Кеше
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды
Аймақтар • Кеше
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматының АT-архитектура жоспары бекітілді
Аймақтар • Кеше
Түркістанда 1361 дау медиаторлардың қатысуымен оң шешілген
Аймақтар • Кеше
Қызмет барысында қаза тапқан полицейлерді еске алу жиыны өтті
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы Алексей Цойды қабылдады
Президент • Кеше
Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Атырауда 35 жастағы азаматшаны тонап кетті
Аймақтар • Кеше
Әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру бойынша конкурс ұйымдастырылады
Қазақстан • Кеше
Мақтаралда көктемгі егіс жұмыстары басталды
Аймақтар • Кеше
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды
Қазақстан • Кеше
Татарстандағы мұнай кәсіпорнында жарылыс болды
Видео • Кеше
Тағайындау • Кеше
Қазақстан • Кеше
Ақсу қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Заңгерлерді даярлау меморандумына қол қойды
Аймақтар • Кеше
«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 23 жоба жүзеге асты
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысындағы кеніштегі жазатайым оқиғаның себебі анықталды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда COVID-19 індетінің өсуі байқалады
Аймақтар • Кеше
Шетелден келген 10 жолаушыдан коронавирус табылды
Қазақстан • Кеше
Ауданды 100 пайыз газбен қамту міндеті тұр
Аймақтар • Кеше
Елордада қысқа мерзімді кәсіптік оқу басталды
Аймақтар • Кеше
Фемида қызметкері адам өмірін құтқарып қалды
Аймақтар • Кеше
Жетісуда тағы 78 адам індет жұқтырды
Аймақтар • Кеше
Атырауда 111 адамнан коронавирус анықталды
Аймақтар • Кеше
Жыл басынан бері Маңғыстауда 8000 ЭЦҚ берілген
Аймақтар • Кеше
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі конкурс жариялады
Қазақстан • Кеше
Илон Маск 100 миллион долларға конкурс жариялады
Әлем • Кеше
Елордада екінші ауысымдағы мектеп оқушылары сабағын онлайн оқиды
Аймақтар • Кеше
Елордалықтар «Saqtandyry» жүйесін жаңартып отыруы тиіс
Медицина • Кеше
Маңғыстау облысында арқар атқан азамат ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тұрғын үй нарығын белгісіздік күтіп тұр
Қазақстан • Кеше
Әділет органдарында жемқорлық 67 пайызға азайған
Қоғам • Кеше
Шымкентте еркіндікте жүрген арыстан табылды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда алдағы үш күнде аяз болады
Ауа райы • Кеше
Семейде бозбалалар зейнеткерді өрттен құтқарды
Аймақтар • Кеше
Жол апаты: Балқашта 2 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар