87 кило салмақ дәрежесінде Азия чемпионы Нұрсұлтан Тұрсыновтың тұғыры биік болды. Бірнеше жыл спорттан шеттетілген Шығыстың шымыр жігіті боз кілемді әбден сағынып қалған екен. Алатау баурайында ол тамаша өнер көрсетті. Жарысты басынан аяғына дейін бір деммен өткізген Нұрсұлтан финалда елордалық Азамат Кұстыбаевтың тас-талқанын шығарды. Есеп – 9:1.
Элмар Укали (Шымкент) мен Абдулазиз Кочерадзе (Алматы) үшінші орындарды иемденді.