Президент • 26 Қараша, 2020

Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімін қабылдады

26 рет көрсетілді

Қазақстан Президентіне Павлодар облысындағы биылғы жылдың 10 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы жайында баяндалды. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика байқалады.

Облыс әкімінің айтуынша, «Жұмыспен қамту» Жол картасы шеңберінде 227 жоба іске асқан. Бүгінде оның 77 пайызы толық аяқталған. Қалған 23 пайызын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Әбілқайыр Сқақов өңірдегі денсаулық сақтау саласы бойынша жүзеге асырылған жұмыстар жайында айтты. Оның ішінде, коронавирус пандемиясын ауыздықтауға қатысты қабылдаған шараларды атап өтті. Аймақ басшысы бүгінде жағдай күрделі болғанымен, толық бақылауда тұрғанына, ауруханалар медициналық құралдармен жабдықталып, дәрі-дәрмек қорының жеткілікті екеніне тоқталды. Сонымен қатар 600 медицина қызметкерінің білімі жетілдірілген. Өңірде жаңадан 4 ПТР сынамасын алатын лаборатория ашылған. Облыста күніне 3 мыңға жуық ПТР сынамасы алынады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының республикадағы маңызды аймақтардың бірі екенін, өңірге жан-жақты қолдау көрсетілетін айтты. Президент облыс әкіміне халықты жұмыспен қамту жұмыстарын жалғастырып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын түсірмеуге байланысты бірқатар тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар