29 Қараша, 2013

Таиландта үкіметті қолдаушылар мен оппозиционерлер қақтығысқа түсті

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29 11 - TailandКеше Таиландта үкіметті қолдайтын ереуілшілер мен премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етіп отырған оппозиционерлер арасында бірінші рет қақтығыс орын алды. Бұл туралы жергілікті құқық қорғау органдарының ақпарына сілтеме жасаған ИТАР-ТАСС хабарлады.

Оқиға орталықтағы Патхумтхани провинциясында орын алған. 100-ге жуық оппозиционерлер наразылық акциясын ұйымдастырмақ болып, жергілікті мэрия ғимаратына беттеген еді. Алайда, олардың қарсы алдынан үкіметті қолдайтын 300 еруілші шығып, екі жақ арасында жанжал басталып кетті. Қақтығыс нәтижесінде үш оппозиционер жарақат алған. Таиландта ауқымды наразылық акциялары басталғалы бері мұндай қақтығыс бірінші рет орын алып отыр.

Таиланд премьер-министрі Йинглак Чинават оппозицияны наразылық акцияларын тоқтатып, келіссөздер үстеліне отыруға шақырды.

Деректер бойынша, 27 қараша күні Таиланд үкіметінің отставкаға кетуін талап еткен наразылық акциялары елдің 24 провинциясында болып өткен. Жергілікті БАҚ өкілдері оңтүстіктегі Сонгкхла провинциясында губернатор Грисада Бунрач наразылық білдірушілердің қатарына өтіп кеткенін хабарлады. Ол сондай-ақ акцияға өзінің күзетін де қатыстырған көрінеді. Елдің 14 провинциясында оппозиционерлер жергілікті мэрия ғимараттарын басып алған.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар