130 кило салмақтың финалында шымкенттік Әлімхан Сыздықов пен ақмолалық Талғат Жиентаев күш сынасты. Бұл бәсеке Оңтүстіктен келген алыптың асығы алшысынан түсті. Ақтөбелік Асылбек Жәнібекұлы мен қостанайлық Мансұр Шадукаев үшінші сатыларға жайғасты.
Бір айта кетерлігі, еліміздің ең үздік балуандары Нұрмахан Тыналиев пен Дамир Күзембаев айтулы додаға қатыспады.