Астана қаласы «Жастар» шағын ауданы маңындағы ескі қорымда Кенесары жасағы сарбазының зираты бар екені мәлім болды. Бұл туралы Millioner.kz хабарлады.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы қазіргі заманғы зерттеу институтының директоры Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың мәлімдеуінше, ескі қорымдағы құлыптасты 1838 жылы раджаб айында Қайролла Саржанұлы өз қаражатына орнатқан екен. «Екі ғасыр аралығында құлыптастың бір бөлігі жердің астына кіріп кеткен. Сол себепті ондағы жазуды толық оқуға мүмкіндік болмады. Менің білуімше, Қазақстанда Кенесары ханның сарбаздарына қатысты басқа құлыптастар жоқ»,-дейді сөз орайында ол.
Бұл деректің жаны бар. Өйткені, Кенесары ханның әскері 1838 жылы Ақмоланың төңірегінде болған. Сондықтан осы қорымда оның 200 әскери қолбасшысы мен 50 жасауылы жерленген деген дерек те келтіріліп жүр. Алайда, бұл ақпарды тарихшылар түбегейлі зерттеуі қажет.
Бақытбек Кенешұлы.
Дереккөз:Millioner.kz