29 Қараша, 2013

Алматыда жер инспекциясының өкілі марқұмға айыппұл жазыпты

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29 11-DeloАлматы қаласындағы аумақтық жер инспекциясының инспекторы қызмет бабын асыра пайдаланып, кемшілікке жол берді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Аумақтық жер инспекциясының инспекторы жоспардан тыс тексеру жүргізіп, 2006 жылы қайтыс болған адамға айыппұл салған. Оның көлемі-86500 мың теңге. Бұл олқылықты Бостандық ауданының прокуратурасы анықтады. Осыған орай, марқұмды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы күшін жойды. Ал бейберекетсіздікке жол берген инспектор тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Соңғы жаңалықтар