29 Қараша, 2013

Ливиядағы Ұлыбритания мен Канада елшіліктері өз жұмыстарын тоқтатты

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29 11 - Liviya posolstvoЛивиядағы Ұлыбритания мен Канада елшіліктері өз жұмыстарын тоқтатты. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Жергілікті «Тадамун» агенттігі мәлімдегендей, елшілік қызметкерлері қауіпсіздік мақсатында өз міндеттерін орындаудан бас тартып отыр.

Триполидегі Ұлыбритания мен Канада өкілдіктерінің консулдық бөлімдері орналасқан ғимарат заңсыз қарулы құрылымдардың бақылауында тұрған көрінеді.

Агенттіктің айтуы бойынша, елдегі «Ливия революционерлерінің жедел штабы» атты беделді құрылым Али Зейдан бастаған үкіметтің отставкаға кетуін талап етуде. Бұл орайда қарулы құрылымдардың жетекшілері жедел жиналыс өткізіп, бірлескен әрекеттерін жоспарламақ.

«Ливия революционерлерінің жедел штабы» сондай-ақ БҰҰ-ның Ливиядағы әлемдік ұйым өкілдерін қорғау үшін қауіпсіздік пен күзет мәселелері жөніндегі департаменттен 200 қызметкер жіберу жоспарына наразылық білдірді. «Біз қандай да бір шетел ұйымының елдің ішкі істеріне араласуына қарсымыз» – дейді құрылым өкілдері.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар