Аймақтар • 27 Қараша, 2020

Алматыдағы ХҚО-да ана мен балаға арналған ықшам бөлме ашылды

166 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы фронт-офистерге келетін мемлекеттік қызметтерді алушыларға барынша жағдай жасауға жанашыр болуға ұмтылып отыр. Атап айтқанда, зейнеткерлер мен көп балалы аналарға жеке жеңілдік терезесінде қызмет көрсетіледі, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы алуда қолайлы орта жасалған.

Алматыдағы ХҚО-да ана мен балаға арналған ықшам бөлме ашылды

Бұдан басқа, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қалалық филиалы «Mama Nova» компаниясымен бірлесіп, ХҚО-ларда ана мен баланың мобильді бөлмелерін жасақтады. Оның алғашқысы Алмалы ауданындағы фронт-офиске орналастырылды.

«ХҚО-ға сәбиімен келген аналар баласын емізуге немесе жөргегін ауыстыру үшін оңаша орын іздеуге мәжбүр болатын. Енді олар ана мен балаға арналған бөлмені пайдалана алады», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының директоры Данияр Қырықбаев.

Ана мен балаға арналған мобилді бөлме фронт-офистің 1-қабатында орналасқан. Қырықбаев дәл осы уақытқа дейін ана мен балаға арналған бөлменің болмауына фронт-офис ғимаратында орынның жетіспеушілігі себеп болғанын атап өтті.

«Mama Nova компаниясының арқасында көптен күткен ана мен балаға арналған бөлмені жасау туралы шешім қабылданды. Әмбебаптығымен ерекшеленетін бөлме шағын болса да, балалы қызмет алушылар үшін үлкен рөл атқарады», - дейді ол.

Дәл бүгін ХҚО-ға сәбиімен келген Ақбота Нәби мобильді бөлменің бірінші болып игілігін көрді. Болаттың жөргегін жайлы жерде ауыстырып, қажетті заттарды да бөлме ішінен таба алды. Жаялық,сүрткіш, майлайтын жақпа, ұнтақ дегендер де дайын тұр...

Компания мобилді бөлмені ана мен балаға қажетті заттармен қамтамасыз етіп отыруды да өз міндетіне алған.

«Өмірдің алғашқы жылдары әр баланың өміріндегі ең маңызды кезең. Біз бір жасқа дейінгі сәбилердің өмірін сапаландыруға және үйден тыс жерде аналарға жайлы жағдай жасауды мақсат тұтамыз. Mama Nova бөлмелері толығымен экологиялық таза материалдардан жасалған. Қауіпсіз жұмыс істеу үшін барлық бұрыштар тегістелген және дөңгелектелген. Қасбеттері жоғары сапалы ламинатталған ДСП-дан   жасалған. Біздің ойымызша, бұл жоба жас балалардың дамуы мен денсаулығы үшін жақсы инфрақұрылым құруға көмектеседі, сол арқылы болашақ ұрпағымызға берік негіз қалайды» - дейді Mama Nova компаниясының директоры Евгений Булатов.

 

 

АЛМАТЫ