Қоғам • 30 Қараша, 2020

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне ақпараттық хабарлама

515 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындауға байланысты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі келесіні хабарлайды.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне ақпараттық хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес эфир мен баспа алаңын берудің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер тиісті бұқаралық ақпарат құралдары сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей (2020 жылғы 4 желтоқсаннан кешіктірмей) хабарлануға және жариялануға тиіс.

Бұқаралық ақпарат құралдары үміткерлердің агитациялық материалдарын орналастыруға, таратуға эфир уақыты мен баспа алаңын ақы төлеу мөлшері, эфир мен баспа алаң­ын ұсыну шарттары мен тәртібі тура­лы мәліметтерді жариялағанға дейін ұсы­на алмайды (Осы норманы бұ­зу лауа­зымды тұлғаларға 30 АЕК мөл­шер­інде, заңды тұлғаларға 50 АЕК мөл­шерінде айыппұл салуға әкеп соғады).

Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау бойынша эфир мен баспа алаңын берудің мөлшері, шартта­ры мен тәртібі  туралы мәліметтер – Орталық сайлау комиссиясына, мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде аумақтық сайлау комиссияларына берілуге тиіс.

Сонымен қатар Қазақстан Рес­публикасының Әкімшілік құқық­бұзушылық туралы кодексінің 11-тарауында сайлау құқықтарына қол сұғатын құқықбұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Бұл ретте, Министрлік бұқаралық ақпарат құралдары жиі бұзатын, бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделетін Қазақстан Республикасы сайлау заңнамасының бірқатар нормаларына назар аударады:

  1. Кандидатты, саяси партия ұсын­­ған партиялық тізімді тіркеу мер­зімі аяқталғанға дейін, сайлау бола­тын күні не оның қарсаңындағы кү­ні сайлау алдындағы үгітті жүр­гізу, сондай-ақ республикалық рефе­рен­­дум өткізілетін күні не оның қар­саң­­ындағы күні үгіт жүргізу (ҚР «Әкім­­шілік құқықбұзушылық туралы» Ко­дексінің 102 бабы (бұдан әрі – Кодекс);
  2. Бұқаралық ақпарат құрал­да­­ры­­ның кандидаттың немесе сая­­си партияның абыройына, қадiр-
    қасиетiне және iскерлiк беде­лiне көрінеу нұқсан келтiретiн үгіт материал­дары мен өзге де ақпаратты жария­лауы, сондай-ақ аталған тұлға­ларға абыройын, қадiр-қасиетiн және iскерлiк беделiн қорғауы үшін теріс­ке шығаруды тегін жариялауына мүмкіндік беруден бас тарту (кодекс­тің 112-бабының 2-бөлігі);
  3. Кандидаттардың теледидар мен радиода сөйлеп жатқан сөздерін бөлу және сөйлеген сөздерінен кейін іле-шала, сондай-ақ баспа басы­лым­дарындағы сөздеріне сол бір нөмірде түсініктеме жасау (Кодекстің 112-ба­бының 3-бөлігі);
  4. Бұқаралық ақпарат құра­л­дары­ның қоғамдық пiкiрге сауал салу нəтижелерін, сайлау, сайлауға байла­нысты өзге де зерттеулер нəтиже­лерінің болжамдарын жариялау тəртiбiн бұзуы, атап айтқанда сауал салуды жүргізген заңды тұлғаны, сауал салуға тапсырыс берген жəне оның ақысын төлеген тұлғаларды, сауал салу жүргізілген уақытты, ақпарат жинау əдісін, сұрақтың нақты тұжырымын, сауал салынғандар санын жəне сауал салу нəтижелерінің қателік коэффициентін көрсетпеу (кодекстің 120-бабының 1-бөлігі).

Президенттікке, Сенат депу­тат­ты­­ғына кандидаттардың, Мәжі­ліс, мәслихат депутаттығына кан­ди­­дат­­­тардың партиялық тізімдерін ұсын­­ған саяси партиялар­дың, сон­дай-ақ өзге де жергілікті өзін өзі бас­қару ор­ган­дары мүшелігіне канди­дат­тар­дың сайлау алдындағы үгітін қам­ти­тын бұқаралық ақпарат құрал­дары­ның барлық жарияланымдары қар­жы­лан­дыру көздері туралы ақпа­ратты қамтуға тиіс екенін қосым­ша еске сала­мыз (Қазақстан Респуб­ликасы Пре­зи­дентінің, Қазақстан Респуб­лика­сы Парламенті, мәслихат­тары депу­тат­тарының, сондай-ақ өзге де жергі­лікті өзін-өзі басқа­ру органдары мү­ше­лерінің сайлауы кезінде бұқара­лық ақпарат құрал­дары арқылы сай­лау алдындағы үгітті жүзеге асы­ру­дың және оны ақпа­рат­тық қамта­масыз етудің қағида­ларының 22-тармағы).

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 27-бабы 2-тармағының талап­тарына сәйкес сайлау алдындағы үгiт кандидаттар тiркелген мерзімі аяқ­талған кезден басталып, сайлау бо­латын күннің алдындағы күнгi жер­гілiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Осылайша, сайлау алдындағы үгіт 2020 жылғы 10 желтоқсанда жер­­гі­­лікті уақытпен сағат 18.00-ден ке­йін басталып, 2021 жылғы 9 қаңтарда жергілікті уақытпен сағат 00.00-де аяқталады.