Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде бір аптаға созылған күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Біз бұған дейінгі нәтижелерді үзбей беріп тұрған едік. Жарыстың соңғы күндері грек-рим күресі шеберлері боз кілемге шығып, 10 салмақ дәрежесі бойынша түрлі-түсті медальдарды сарапқа салды.

55 кило салмақтың жартылай финалында алматылық Қорлан Жақанша талдықорғандық Марлан Мұқашевты ұтса, жамбылдық Жансерік Сәрсембиев петропавлдық Аманғали Бекболатовтан басым түсті. Екі мықты ақтық сында жолықты. Көпшілік бұл жекпе-жекте Жақаншаның ұтатынына сенімді болды. Осыған дейін Азия біріншілігінде үш рет жүлдегерлер қатарынан көрінген ол былтыр Нұр-Сұлтанда өткен әлем чемпионатында күміс медальды иеленді. Сәрсембиевте ондай атақтың бірі де жоқ. Бірақ ол мінезді жігіт екен. Әйгілі қарсыласымен қаймықпай айқасқан Жансерік бас жүлдені жеңіп алды. Қорлан күмісті қанағат тұтты. Жартылай финалда оларға жол берген екі балуан қола медальды иеленді.
60 кило салмақ дәрежесінің фавориттері Мейрамбек Айнағұлов пен Айдос Сұлтанғали екені сөзсіз. Екеуі де дүниежүзілік додаларда дараланған дүлдүлдер. 26 жастағы Мейрамбек 2017 және 2019 жылдары жүлдегерлер қатарына қосылды. Парижде ол күміс алса, Нұр-Сұлтанда қолаға қол созды. Одан бөлек Ақтөбе облысының өкілі Азия ойындарында үшінші сатыға табан тіресе, Азия біріншілігінде бір күміс пен екі қоланы қоржынға салды. 24 жастағы Айдос 2018 жылы Будапештте ұйымдастырылған әлем чемпионатында қола медальды мойнына ілді. Қызылордалық спортшының басқа да атақтары аз емес. Осы жайттың барлығын ой елегінен өткізген мамандар басты тартыс аталған екі саңлақ арасында өрбиді деп топшылады. Бірақ бұл жорамал жоққа шықты. Айнағұлов ширек финалда өскемендік Ернар Фидахметовке жол берді.
Финалда Айдос Сұлтанғали Ернар Фидахметовтен басым түссе, Мейрамбек Айнағұлов пен ақмолалық Дастан Зарлыханов қола медальды еншіледі.
63 кило салмақта Қорланның туған ағасы Бағлан Жақанша да ақтық сынға дейін алқынбай жетті. Бірақ ол да шешуші тұста сүрінді. Алматылық өреннің жамбылдық Сұлтан Әсетұлына әлі жетпеді. Нұрсұлтандық Асаухат Мұхамадиев пен талдықорғандық Ғалым Қабдунасаров қола медальды еншіледі.
67 кило салмақтағы Алмат Кебісбаевтың жанкештілігіне сүйсінбеу мүмкін емес. Жасы 33-ке таяп қалған Алматтың халықаралық аренада Қазақ елі намысын қорғап жүргеніне 12 жылдан аса уақыт болды. Сол аралықта Семей өңірінің өрені әлем чемпионатында төрт рет және Азия ойындарында екі рет жүлде алды. Арасында күмісі мен қоласы да бар. Кебісбаев екі мәрте Азия чемпионы атанып, тағы екі рет күміспен күптелді. Лондон мен Рио Олимпиадаларында бақ сынады. Соңғы жарысында ол бесінші орынға табан тіреді. Биылғы ел біріншілігінде Кебісбаевқа Мейіржан Шермаханбет лайықты қарсылық көрсетеді деп ойладық. Бірақ жас дарын бастапқы бәсекелердің бірінде Солтүстік Қазақстан облысының балуаны Данияр Қаленовтен 3:5 есебімен ұтылды.
Нәтижесінде Алмат барлық қарсыласын қапы қалдырып, бас жүлдені қанжығасына байлады. Ақтық айқаста ол Алматы облысының өкілі Нұрбек Қызыровты 7:5 есебімен ұтты. Ақтөбелік Тәңірберген Наурызбаев пен шымкенттік Әділхан Сәтаев жүлдегерлер қатарына қосылды.
72 кило салмақ дәрежесінің финалында атыраулық Каһарман Қисметов пен алматылық Азат Садықов күш сынасты. Бұл бәсеке алғашқысының пайдасына шешілді. Темірлан Өмірбай (Алматы қаласы) мен Олжас Сүлеймен (Қызылорда) үшінші сатыға табан тіреді.
77 кило салмақта бас жүлде үшін тартыс Алматы облысының екі саңлағы – Асхат Ділмұхамедов пен Демеу Жадыраевтың арасында өтті. Бұл белдесуді барша маман тапжылмай тамашалады. Біраз жылдан бері осы салмақтың тізгіні Асхаттың қолында. Оның Азия чемпионы және сол жарыстың үш дүркін жүлдегері деген атақтары бар. Әлемдік додаларда Ділмұхамедов жеңіс тұғырына сынық сүйем қалғанда сүрініп жүр. Демеу 2017 жылы Парижде өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Құрлықтың басты додасында екі рет жеңіс тұғырына көтерілді. Бірақ бұл атақтарға ол сәл жеңіл салмақтарда қол жеткізді. Соған қарамастан, Жадыраев Алматыдағы жарыста өзін жақсы қырынан көрсетті. Финалда Демеу Асхаттан 7:3 есебімен айласын асырып, ел чемпионы атанды. Азия чемпиондары Мақсат Ережепов пен Темірлан Шадукаев қола медальды қоржынға салды.
82 кило салмақта Мирас Баршылықовтың бағы жанды. Қостанайлық спортшы финалда шымкенттік Шәміл Батыровты шаң қаптырып кетті. Темірлан Байғанин (Қостанай) мен Қуанышбек Досжанов (Ақтөбе) үшінші орынды иеленді.
87 кило салмақ дәрежесінде Азия чемпионы Нұрсұлтан Тұрсыновтың тұғыры биік болды. Бірнеше жыл спорттан шеттетілген Шығыстың шымыр жігіті боз кілемді әбден сағынып қалған екен. Алатау баурайында ол тамаша өнер көрсетті. Жарысты басынан аяғына дейін бір деммен өткізген Нұрсұлтан финалда елордалық Азамат Кұстыбаевтың тас-талқанын шығарды. Есеп – 9:1. Элмар Укали (Шымкент) мен Абдулазиз Кочерадзе (Алматы) үшінші орындарды иемденді.
97 кило салмақта Ерұлан Ысқақовтың тегеурініне ешкім шыдамады. Азия ойындарының екі дүркін қола жүлдегері, Азия чемпионы деген атағы бар Қарағандының қыраны финалда Сыр бойының сайыпқыраны Олжас Сырлыбайға сан соқтырса, Мейірбек Қордабай (Жамбыл) мен Салауат Ахметқали (ШҚО) жүлдегерлер санатына қосылды.
130 кило салмақтың финалында шымкенттік Әлімхан Сыздықов пен ақмолалық Талғат Жиентаев күш сынасты. Бұл бәсеке Оңтүстіктен келген алыптың асығы алшысынан түсті. Ақтөбелік Асылбек Жәнібекұлы мен қостанайлық Мансұр Шадукаев үшінші сатыларға жайғасты. Бір айта кетерлігі, еліміздің ең үздік балуандары Нұрмахан Тыналиев пен Дамир Күзембаев айтулы додаға қатыспады.
Нұр-Сұлтанда спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше облыста боран соғып, аяз болады
Қазақстан • Кеше
COVID-19 ауыр ағымын алдын-ала болжаудың әдісін тапты
Коронавирус • Кеше
“QI-Trade Kazakhstan” қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды
Қазақстан • Кеше
Соққан жел нысандарды қиратқан
Аймақтар • Кеше
Батыс Қазақстанда 15 мектепке шағын автобус берілді
Аймақтар • Кеше
Атыраулық оқушының өнері АҚШ әншісін тәнті етті
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Бүгін «Қайрат» сырт алаңда «ВитЭнге» қарсы ойнайды
Спорт • Кеше
Шетелден келген 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Қазақстан • Кеше
Спорт • Кеше
Ақтөбе облысында базар жанып кетті
Аймақтар • Кеше
2021 жылы азаматтарды апта сайын қабылдаймыз – елорда әкімі
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Кеше
2021 жылы автобустарды 80 пайызға жаңарту көзделуде
Аймақтар • Кеше
Коронавирустық белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы тіркелді
Коронавирус • Кеше
Атырауда БАҚ өкілдеріне 500 мың теңгенің сыйлығы берілді
Аймақтар • Кеше
Елімізде тағы 599 адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Кеше
Қазақстанда өткен тәулікте 972 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Алдағы бес жылда Алматы облысында 5 млн. 400 мың шаршы метр тұрғын үй салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық оқ тауып алған
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Өскемендік жауынгерлер шеберлігін шыңдады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Желіде полицияға шабуылдаған ер адамның видеосы тарады
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Одақтың басты күші - ЕАЭО елдерінің экономикаларының бірін-бірі толықтыруы
Экономика • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Мәскеуге жеткізілген 10 миллионға жуық медициналық қолғап қолданылған болып шықты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
ҚР Президенті: Мәжілістің жаңа құрамы халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлуі тиіс
Президент • 15 Қаңтар, 2021
СҚО-да басқа өңірлерден қоныс аударатындарға 714 баспана салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Президент • 15 Қаңтар, 2021
Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
Президент • 15 Қаңтар, 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алтын Емел ұлттық паркіне инвесторды анықтауға ашық байқау жарияланды
Экология • 15 Қаңтар, 2021
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қазақстанда алғаш рет: ЕҰУ үзіліссіз 10 сағат тікелей эфир өткізді
Білім • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысында жалпы өңірлік өнімді 5 трлн. теңгеге жеткізу көзделеді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Инвестициялық кірістен БЖЗҚ комиссиясының шекті мәні 73%-ға төмендетілді
Қаржы • 15 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
Елорда • 15 Қаңтар, 2021
Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Театр сыншылары үздіктерді анықтады
Руханият • 15 Қаңтар, 2021
Ауа райына байланысты 6 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда індеттің өршуіне байланысты тәртіп күшейтілді
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Көлсай көлдері, Алтын Емел, Шарын ұлттық парктерінде инвесторға байқау жарияланды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Отандық бизнесті қолдау шаралары артатын болады
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Атырауда облыстық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Павлодарлық тұрғын жарты тонна балықты заңсыз тасымалдаған
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қарағанды облыстық мәслихатының құрамы жаңарып, бұрынғы хатшысы орнында қалды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Он күн ішінде Үкімет құрамы таныстырылады
Үкімет • 15 Қаңтар, 2021
«Елбасының кітапханасының» жаңа директоры тағайындалды
Тағайындау • 15 Қаңтар, 2021
Павлодарлық жүргізуші 5 жыл бұрын есептен шығарылған нөмірмен жүрген
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Жедел жәрдемнің қатысуымен болған апат: медициналық қызметкер қайтыс болды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Асқар Мамин Премьер-Министр болып тағайындалды
Үкімет • 15 Қаңтар, 2021
Қазақстанда 33 жыл бойы өзгермей тұрған рекорд жаңарды
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Ресей азаматы Қазақстанда 13 жыл құжатсыз тұрған
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Атырауда коронавирус жұқтырғандар 85 адамға көбейді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Сенат Төрағасы Парламенттің алдағы жұмысына пікір білдірді
Парламент • 15 Қаңтар, 2021
Дариға Назарбаева Мәжілістің Экономикалық реформалар жөніндегі комитеті құрамына кірді
Парламент • 15 Қаңтар, 2021
Айгүл Құспан жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • 15 Қаңтар, 2021
Түркіменстан мен Ауғанстан жаңа көлік жобасын іске қосты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда қалалық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Ұқсас жаңалықтар