Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өткен тәулікте 17 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып алды.
«Қауіпті індетке шалдыққан науқастардың үшеуі Атырау қаласында тіркелген. Сондай-ақ Теңіз кенішінде 11 жұмысшыдан, Жылыой, Индер, Құрманғазы аудандарында үш адамнан Сovid-19 инфекциясы анықталды. Науқастардың алтауында ауру симптомды түрде өтіп жатыр» деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметі.
Өткен тәулікте үй жағдайында ем алған 3 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
Қазір үй жағдайында 153 адам емделуде. Ал облыстық инфекциялық стационарда 36 науқас, аудандардғы инфекциялық стационарда 7, Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 46 адам ем қабылдап жатыр.