«Электр энергиясын жеткізу сапасын жақсартатын құрылғы қала маңындағы елді мекендерге де орнатылуда. Мәселен, «Лесхоз» шағын ауданындағы 32 көшеге орнатылған трансфоматорлар кеңестік дәуірден бері жаңартылмаған еді. Енді осындағы тұрғындардарға электр эгергиясын үздіксіз беру үшін қолданыстағы трансформаторларға қоса әрқайсысының қуаты 630 квА болатын 2 жаңа құрылғы орнатылды.
Ал, «Толқын» шағын ауданының тұрғындарына да жарық енді жаңа трансформатордан таратылады. Қазір «Атырау-Жарық» АҚ мамандары жаңа трансформаторларды «Жерұйық» шағын ауданы мен Ақсай елді мекеніе де онратып үлгерді. Енді алдағы күндері жаңа трансформаторлар «Ескі аэропорт», «Геолог», «Балықшы» және «Жұмыскер» шағын аудандарына, қаланың өзге де бөлігіне қойылады» деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.