Аймақтар • 30 Қараша, 2020

Атырауда бесінші "ашық әкімдік" ашылды

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұған дейін төрт ауданда «ашық әкімдік» ашылған еді. Енді осындай бесінші «ашық әкімдік» кеңсесі Қызылқоға ауданында ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда бесінші "ашық әкімдік" ашылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыттың айтуына қарағанда, «ашық әкімдік» – Open space режимінде жұмыс істейтін арнайы жоба.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы – мемлекеттік қызметтің сапасын жақсартып, халықтың цифрлы сауаттылығын арттыру. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатын көздейтін бұл жоба аудан тұрғындарына қолайлы болады. Сол себептен, «ашық  әкімдік» мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерді бір жерге шоғырландырып, азаматтарға қолайлы жағдай жасаумен ерекшеленеді. Жоба ең әуелі тұрғындар игілігіне қызмет етуді көздейді. Жергілікті атқарушы биліктің өкілдері  тұрғындарға қажетті қызмет түрлерін бір жерден көрсетеді. Бұдан былай уақыты тығыз, жұмысы қауырт жандар әр бөлімді іздеп, кез-келгеннің табалдырығын тоздырмайды»  дейді Айдос Мамыт.

 

Соңғы жаңалықтар