Спорт • 30 Қараша, 2020

"Барыс" ұтты-ау, әйтеуір

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) сүреңсіз өнер көрсетіп, қатарынан бес ойында жеңілген Нұр-Сұлтанның «Барысы» жанкүйерлердің көңіл селкеу түсірген еді, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Барыс" ұтты-ау, әйтеуір

Соңғы турда жерлестеріміз Мәсекеудің «Спартагын» қабылдады. Бәсеке өте шиеленісті өтті. Қос командаға да бір-бірінің қақпа кілтін табу оңайға соқпады. Десек те бұл жолы «Барыстың» жолы болды. 13-минутта канадалық легионер Кертис Волк есеп ашты. Үзілістен кейін де екі жақ біраз тіресті. 37-минутта дәл сол Волктың керемет пасынан кейін швециялық шабуылшы Якоб Лиллья екінші голды соқты. Үшінші кезеңде Сергей Широков есеп айырмашылығын қысқартты. Одан әріге мәскеуліктердің әлі жетпеді. Бұл кездесу 2:1 есебімен елордалық хоккейшілердің пайдасына шешілді.

Тұрақты біріншіліктің жарыс кестесінде «Барыс» 18 орында тұр. 27 кездесуден кейін олар 27 ұпайға иелік етуде. Енді өзінің келесі кездесуін астаналықтар бүгін «Сочиге» қарсы өткізеді.  

Соңғы жаңалықтар