Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы Қазақстан Магниткасының от-жалын атқан домнасынан басталғаны туралы талай кітап жазылып, мақалалар жария болды. Әлі де жазыла бермек. Өйткені қарапайым горновойдан егемен еліміздің алғашқы басшысына дейін жүрген жолы, алып империяның шаңырағы шайқалғанда қолына дербестік туын берік ұстап, халқын салиқалы саясатының арқасында нарықтық экономика жолына бағыттай білген ерен еңбегі бүгінгі жастарға үлгі-өнеге болуы тиіс. Елбасы феномені әлі талай оқулыққа еніп, аты аңызға айналары даусыз. Сондықтан биыл Теміртауда өткізілген біраз шарада, атап айтқанда Қазақстан Магниткасының 60 жылдығы мен Теміртау қаласының 75 жылдығында осы қаладан түлеп ұшқан әлемдік масштабтағы қайраткердің көшбасшылық қасиеті жан-жақты әңгіме болды.

Қарағандылықтар әрдайым Елбасының қайраткерлік, саясаткерлік жолы осы өңірден басталғанын мақтан етеді. Нұрсұлтан Әбішұлының өзі де Теміртау ол үшін өмір университеті болғанын талай мәрте мәлім еткен. Алыстағы 1958 жылы орта мектепті бітірген жас Нұрсұлтан горновой мамандығы туралы түсінігі болмаса да, мектеп оқулықтарынан домна пеші дегеннің не екенін жақсы білгендігі сөзсіз. Қара тасты қорытып, шойын алатын бұл мамандық оған нағыз ерлердің ісі болып көрінген. Сондықтан республикалық «Ленинская смена» газетінде қазақ жастарын металлург мамандығын игеріп, Қарағанды облысының Теміртау қаласында жаңадан салынып жатқан металлургия зауытына жұмысқа шақырған үндеу елең еткізген. Сөйтіп, жүрек қалауымен өзі сияқты жетпіске жуық қазақстандық жаспен бірге Украинада, Днепр өзенінің жағасында орналасқан Днепродзержинск қаласындағы №8 техникалық училищесіне «Домна пешінің горновойы» мамандығы бойынша оқуға түседі. Горновой деген кім? Кейін білікті металлург Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі мамандыққа мынадай мінездеме береді: «...Горновойдың еңбегі деген не? Скрапты уату үшін ауыр сүймен, оны шығару үшін жалпақ күрек керек. Ал оның іші – тозақ, температура екі мың градусқа жуық. Оның үстіне газ, шаң. Жүктеме ғаламат. Үнемі оттың алдындасың, ауысымда орта шелек тұзды су ішесің және соншасы бойыңнан ағып кетеді. Ыстық пен ауыр жүктемеден көбісінің мұрнынан қан кетті...».
Жас Нұрсұлтан мен оның серіктерінің училищеде қалай оқығаны, ұстаздарының мамандыққа қалай баулығаны өзінің «Әділеттің ақ жолы» («Без правых и левых», 1991 ж.) атты кітабында қызықты суреттелген. Олар Днепр металлургия зауытында өндірістік тәжірибеден өтіп, металлург мамандығының қыр-сырына қанығады. Училище түлектерімен жолығып, әңгімелескен бір топ қарағандылық журналист (А.Жанғожин, Э.Широкобородов, В.Рыжков, В.Петухов) пен алматылық қаламгер В.Жандәулетов құрастырған «Та заводская проходная...» (2008 ж.) кітабында олардың алғашқы қадамдары, одан кейінгі тағдыры жан-жақты баяндалады. Өлкетанушы журналист Айтбай Сәулебектің «Елбасының алтын бесігі» (2011 ж.) және «Құрыш Тұлға» (2017 ж.) атты кітаптары да осы біз қарастырып отырған кезең туралы сыр шертеді.
Қазір сол жастар оқыған училище «Каменск жоғары кәсіби училищесі» деп аталады. Училище директоры Вадим Неклеся биыл Елорда күні қарсаңында онлайн режімде өткізілген дөңгелек үстелге қатысып, өзінің әңгімесінде Нұрсұлтан Назарбаевты курстастары мен ұстаздары естерінде мықтап сақтағанын айтты. Нұрсұлтан Әбішұлының өзі де Президент болған жылдары училищеге серіктерімен үш рет барып, тамаша кездесулер өткізген екен. «№8 техникалық училище – менің негізім. Осында оқыған жылдарымды өмір бойы зердемде ұстап келемін. Қазір менің кім болғаным дәл осы жерден бастау алған шығар», деген жазу қалдырып кеткен екен бір келгенінде училищенің пікірлер кітабында оның даңқты түлегі.
Сондай-ақ В.Неклеся 1960 жылы 19 жастағы Нұрсұлтан туралы жазылған мақаланы көрсетті. Онда училищеде жас қазақ жігіттері түрлі металлург мамандықтарын игеріп жатқандығы жазылған. Солардың арасында Нұрсұлтан Назарбаев горновойлыққа оқып жатқан курстастарына көмектесіп, көзге түседі. Айтпақшы, оқудағы табыстары үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа үстеме стипендия тағайындалған. Сонымен қатар бір топта оқитын досы Қабидолла Сарекеновпен бірге түскен фотосуреті де жарыққа шығыпты.
Болашақ горновойлар оқуларын бітіріп, Теміртауда құрылысы аяқталып қалған №1 домна пешіне жұмысқа орналасады. 1960 жылдың 3 шілдесінде көптен күткен күн де туады. Барша Одақтың комсомол-жастарының күшімен салынған №1 домна пеші іске қосылып, Қазақстанның тұңғыш шойыны алынды. Алғашқы шойын алу вахтасына жас металлург, №1 домна пешінің шойыншысы Нұрсұлтан Назарбаев та қатысқан еді. Республика өміріндегі осынау айтулы оқиға салтанатты түрде атап өтіліп, жиында Магнитка құрылысшылары мен металлургтерін Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхаммед Қонаев құттықтайды. Міне, осы күн содан бері Қазақстан Магниткасының туған күні болып есептеледі.
Училище түлектерінің арасынан еліміздің болашақ Тұңғыш Президенті, алты ғылым докторы, Жоғарғы сот төрағасы, атақты металлургтер, қазіргі кәсіпкерлер, мұғалімдер, басқа да жоғары және орта арнаулы білімді мамандар шықты. Солардың бірі Қабидолла Сарекенов. Ол Қарағанды металлургия зауытының домна цехында қатардағы шойыншы болып қадамын жасайды. Содан горновой, газ беруші, домна пешінің өндіріс шебері сияқты сатылардан өткен соң ғылыммен айналысты. Партиялық жұмысқа шақырылып, Теміртау қалалық партия комитетінің екінші хатшысы болып сайланады. Ал еліміз тәуелсіздік алған жылдары бірқатар лауазымды қызметтер атқарды. Белгілі металлург-ғалым. Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Оның ғылыми жұмыстары өзі бір кезде құмарта таңдап алған домна өндірісіндегі металл балқыту процесін жетілдіруге арналған еді.
Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменов те еңбек жолын бірінші домнадан бастаған. Тек ол тағылымдамадан Оралдың Магниткасында өткен. Ол да айтулы 3 шілде күні алғашқы балқыманы алуға қатысып, сол кезден бері Нұрсұлтан, Қабидолла сияқты еңбектес достарымен жұптары жазылмай жүрді. Бірге Қарағанды политехникалық институтына түсіп, ақыры Теміртаудағы зауыт-жоғары техникалық оқу орнын (ЖТОО) тәмамдаған. Нұрсұлтанның ізімен комсомол, партия қызметтерінде болды. Бұдан кейін жолдамамен Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясында оқуға тура келеді. Елге дипломатиялық қызметке білімді, отаншыл азаматтар қажет еді.
– Біз үшеуміз танысқан күннен бірге жүріп-тұрдық. Горновойшы-металлург қызметін бірге бастап, от-жалынына күйіп, жатақханада бірге жаттық. Қоғамдық жұмыстарға араластық, жоғары оқу орнында да қатар оқыдық. Арамызда Нұрсұлтан Әбішұлы үнемі алда жүретін. Қарапайым жұмыскерден Президент дәрежесіне көтерілген ол кісінің қайраты мен табандылығы – қайталанбайтын ерлік, – деп ағынан жарыла айтудан жалықпайды ол.
Міне, Қазақстан Магниткасы, Теміртау қаласы осы үш айырылмас досқа, олармен бірге қызмет еткен талай азаматтарға алтын бесік болды. Олар еңбектен өз бақыттарын тапты. Өсті, өркендеді. Туған жеріне, еліне адал қызмет етті.
Мұндай сөзді теміртаулықтар әлі күнге дейін ауыздарынан тастамайтын Олег Сосковец туралы да айтуға болады. Ол да маман металлург ретінде еңбек қадамын қатардағы жұмысшы, Қарметкомбинаттың №2 қаңылтыр қақтау цехының вальцовщигі болып бастаған. Содан комбинаттың бас директоры дәрежесіне дейін көтерілді. Сырттан қойылған жоқ, өз еңбегімен біртіндеп өсті, бұл оның адамдармен тіл табыса білетін асыл қасиетінің арқасында мүмкін болды дер едік. 1991 жылы КСРО-ның металлургия министрі болып жоғарылатылды. Кейін Президент Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуден шақыртып алып, тәуелсіздігіміздің басындағы күрделі кезеңде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Өнеркәсіп министрі етіп тағайындады. Олег Николаевич Мәскеуде қандай лауазымды қызмет атқарса да өзінің Теміртауын бір сәт те ұмытпайды, құрышшылар қаласындағы маңызды іс-шараларға қалмай келіп жүреді. Биылғы ұйымдастырылған дөңгелек үстел үстіндегі әңгіме-дүкенге де қатысып, өткен күндерді еске алысты. Ол Нұрсұлтан Әбішұлының комбинат парткомының хатшысы болған кезеңде Қазақстан Магниткасында берік ұжым қалыптастыруға сіңірген еңбегін атап өтті. Соның арқасында Теміртау металлургтері қазірде әлемдік нарықта көшбасшы болып отыр.
Негізінде Теміртаудың өндірістік тарихы әріден басталады. Соғыс жылдары көшіріліп әкелген зауыттың негізінде металл сынықтарын қорытатын кәсіпорын тез арада бой көтеріп, 1944 жылдың 31 желтоқсанында жаңадан іске қосылған мартен пешінен тұңғыш Қазақстан болаты балқытылды, ұсақ прокат стандары қатарға тұрды. Бұл Қазақстан қара металлургиясының тұңғышы еді. Жасанды каучук зауыты, КарГРЭС-1 атанған электр стансасы, құрылыс тресі сияқты өндіріс орындары бар Самарқан жұмысшы поселкесі қаулап өсіп, көп ұзамай 1945 жылдың 1 қазанында қала мәртебесін алды. Оған да, міне, 75 жыл толып отыр.
Қазақстан Магниткасында алғашқы домнадан кейін бірінің қуатынан бірі артық тағы үшеуі салынды. Екі агломерат фабрикасы, жеті кокс батереясы, болат балқытатын ауыр салмақты мартен және конвертер цехтары, металды ыстықтай және суықтай өңдейтін прокат стандары іске қосылды. Сөйтіп, біртіндеп толық металлургиялық циклды өндіріс пайда болды. 1970 жылы ескі зауытпен бірігіп, алып өндіріс – Қарағанды металлургия комбинаты құрылды.
Комбинат металлургтерінің ерен еңбегі, Елбасының құрыш қалада қалдырған іздері Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығындағы экспонаттарда сайрап тұр. Нұрсұлтан Әбішұлы комбинат партия комитетінің хатшысы болған жылдары жарғақ құлағы жастыққа тимей металлургтердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға барын салды. Тіпті орталық «Правда» газетіне мақала жазып, мәселені Кремльдің төрінде, Орталық партия комитетінің хатшылығында көтеруге қол жеткізді. Мұны қала тұрғындары ерлікке балап, әлі күнге дейін жыр қылып айтады, өйткені содан кейін жағдай жақсы жағына қарай күрт өзгереді. Нарық қыспағы туындаған шақта комбинатқа қуатты инвестор тауып берген де Нұрекең деседі комбинаттың тәжірибелі мамандары.
Бүгінде кәсіпорынның аты өзгергенімен, ұжымның жоғары кәсіби шеберлігі сол қалпында. Тұңғыш Президентіміз қай уақытта болсын комбинаттың жұмысын қадағалап, өндіріс мәдениеті мен қала халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуға үнемі зер салып отырды. «Елбасының тапсырмасымен Қарағанды облыстық әкімшілігі мен компания басшылығы арасында Теміртау қаласында бірнеше әлеуметтік нысанның құрылысын салуға меморандум жасалды», дейді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Вадим Басин. Соның бір парасы ретінде биыл Елорда күні қарсаңында қалада елу адамдық емхана ашылды.
Металлургтер қашанда уәдеге берік. Теміртау қаласының 75 жылдық мерекесі күндері облыс әкімі Жеңіс Қасымбек құрышшылар қаласында болып, жаңа құрылыстарды аралады. Атап айтқанда, компанияның қаржысына дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып, пайдалануға берілді. Мұнда бір уақытта 320 адам спортпен айналыса алады. Күрес, футбол, баскетбол, бокс залдары және көрермендерге арналған стендтер бар. Алдағы жылы «Металлург» стадионы күрделі жөндеуден өтеді. Ал «Имстальком» компаниясы теміртаулықтарға ашық теннис кортын тарту етті. Сондай-ақ қаланың кәсіпкер әйелдер қауымдастығы тұрғындарға алма бағын сыйлады.
Теміртау өндірісті қала ретінде еліміздегі экологиялық ахуалы күрделі өңірлердің бірі екені белгілі. Соған орай компания басшылығы жылма-жыл қаланың ауасын тазартуға бағытталған шаралар қолдануда. Кейінгі жылдардың өзінде агломерат өндірісінде шаң тазарту жүйесі, 1-конвертердің газ тазарту қондырғысы, әк күйдіру цехында айналмалы пештің газ тазарту желісі іске қосылды. Қыруар қаржы қажет ететін бұл жұмыстар жалғаса бермек.
Кезінде қазақтың классик композиторы, Қарағанды өңірінің тумасы Сыдық Мұхамеджанов:
– Жарқырайды Теміртаудың оттары,
Күн таңырқап, көкжиекке тоқтады, – деп әніне қосқан құрыш қала заман қыспағына қарамастан қатардан қалмай, өркениеттің жолымен өрге басып келеді.
Қайрат ӘБІЛДА,
«Egemen Qazaqstan»,
Аман ЖАНҒОЖИН,
ардагер журналист, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты
Қарағанды облысы
Мажарстанның мерейі үстем болды
Спорт • Кеше
2020 жылы қанша кәсіпорын жабылып қалды?
Қазақстан • Кеше
Футбол • Кеше
Мақтааралдық диқандар егістік жұмыстарын қаңтарда бастады
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 7 жаңа медициналық нысан салынуда
Аймақтар • Кеше
Алматыда коронавирустық жағдай күрделене түсті
Аймақтар • Кеше
Мәжбүрлі еңбекке тартылған азаматтың көмегі
Қоғам • Кеше
Теңгеге әсер ететін факторлар нақтыланды
Қаржы • Кеше
4 080 педагог біліктілік тестілеуден өтеді
Аймақтар • Кеше
Сыбайлас жемқорлық жасаған 15 басшы жауапқа тартылды
Қоғам • Кеше
Шымкентте ТОП-10 инвестициялық жобалар іске асады
Аймақтар • Кеше
Қор биржасы 2020 жылды қортындылады
Қаржы • Кеше
2020 жылы қазақстандықтар қанша алтын құйма сатып алды?
Аймақтар • Кеше
Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Аймақтар • Кеше
ЕО вакцинация төлқұжатын енгізе ме?
Медицина • Кеше
Елордада заңсыз орнатылған жарнама объектілері анықталды
Елорда • Кеше
Қазақстан Әзербайжаннан қызанақтарды алып келуге уақытша тыйым салды
Қазақстан • Кеше
Қоғамдық көліктерде жол ақысын 4 тәсілмен төлеуге болады
Елорда • Кеше
Полицейді көлік капотында сүйреген ақмолалық 5 жылға қамалды
Аймақтар • Кеше
Қар барысының терісі: Туризм академиясының президенті сынға қалды
Қазақстан • Кеше
Ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін eGov-та 6 қызмет іске қосылды
Қазақстан • Кеше
Былтыр Қызылордада 2181 азамат «Бастау» жобасын онлайн оқыды
Аймақтар • Кеше
Қызылорадада биыл 98 тұрғын үй салынады
Аймақтар • Кеше
Елжан Біртановтың үй қамауындағы мерзімі ұзартылды
Қоғам • Кеше
Елордалық жігіт көпірден секіріп өлмек болған
Елорда • Кеше
Гүлшара Әбдіқалықова Социалистік Еңбек ерін құттықтады
Аймақтар • Кеше
2020 жылы қазақстандықтар қанша алтын құйма сатып алды
Қазақстан • Кеше
Елордада көпірден секірмек болған жігіт аман қалды
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Бердібек Сапарбаевты қабылдады
Президент • Кеше
Жамбыл облысында алғаш рет ауылда мұз айдыны ашылды
Аймақтар • Кеше
Ордабасыда құны 1 млн теңгеден астам күркетауықтарды ұрлап кеткен
Қазақстан • Кеше
Атырауда ішімдік ішкен 20-ға жуық жасөспірім ұсталды
Аймақтар • Кеше
WhatsApp бөтен адамға ақпарат беретіні рас па?
Технология • Кеше
20 қаңтар: Жетісайда егін маусымы басталды
Аймақтар • Кеше
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Қазақстан • Кеше
Елордада 10 мың дана экодорба таратылады
Экология • Кеше
Үржарлық полицейлер қалың қармен күресті
Видео • Кеше
Алматыдағы метро басшысы тағы ауысты
Тағайындау • Кеше
Жақынына жанашыр болған жетісулықтар
Аймақтар • Кеше
Асқар Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
Аймақтар • Кеше
Кәсіпкерлердің құқын бұзу дерегі кемімей тұр
Қоғам • Кеше
Түркістанда машина жасау саласына инвестиция тартылады
Аймақтар • Кеше
Қызылордада былтыр иттердің көмегімен 192 қылмыс ашылды
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында 5 кило есірткі тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Алматының тағы 50 мың тұрғыны сапалы ауыз суға қол жеткізеді
Аймақтар • Кеше
Маңғыстау облысында жұмыссыздық деңгейі 5% құрады
Аймақтар • Кеше
Зейнетақы жинақтарын қалай тексеруге болады?
Экономика • Кеше
Руханият • Кеше
Қостанай архивіне Татарстаннан құнды құжаттар әкелінді
Руханият • Кеше
Германия карантинді 14 ақпанға дейін ұзартты
Әлем • Кеше
Сицилияда тұрғын үйлер 1 еуродан сатылып жатыр
Әлем • Кеше
Ұрылар 3 млн теңгенің мүлкін қолды еткен
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар