Атырау облысында Тұңғыш Президент күніне орай іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі – «Ұлт көшбасшысы және заманауи мемлекеттік аппараттың келбеті» атты ғылыми-тәжірибелік конференция. Онлайн форматтағы басқосуда облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов аталған конференцияның маңызына тоқталды.

– Қазіргі заманға сай мықты мемлекеттік аппарат құру ісі Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты екені даусыз. Тәуелсіздіктің елең-алаң шағында алдымызда сын-қатерлер тұрды. Осыған орай Елбасы жаңа жағдайларға төтеп беретін мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыруды көздеді. Өйткені Тәуелсіз Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыруда мемлекеттік аппараттың кадрлық әлеуеті маңызды рөл атқаратынын жақсы түсінді. Мемлекеттік аппараттың сапасы кез келген елдің даму процесінде шешуші факторға ие. Сондықтан бұл елдің стратегиялық басымдықтарының тиімді орындалуын қамтамасыз етуі тұрғысынан ерекше маңызды болды. Елбасының саяси ерік-жігерінің нәтижесінде Қазақстан посткеңестік елдер арасында осы бағытта алғаш болып жүйелі қадамдар жасады, – деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.
Әкімнің атап өтуінше, өңірде мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қолдау жасалып отыр. Жыл басында жергілікті атқарушы органдар факторлы-балдық шкалаға негізделген еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшті. Қанатқақты модельдің енгізілуі жергілікті кадрлар арасындағы жұмыс ауыстырудың азаюына септігін тигізді. Мәселен, мемлекеттік қызметшілердің ауысуы былтырғыдан 2,6%-ға дейін азайды. Бұл мемлекеттік аппараттағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар жалақы мөлшерінің өсуі мемлекеттік қызметке деген қызығушылықты арттырды.
– Бос лауазымдарға жарияланған конкурстарда бір орынға қатысушылардың саны 50%-ға өсті. Соның нәтижесінде мемлекеттік аппарат білікті кадрлармен толығып отыр. Қазір облыс әкімдігіндегі мемлекеттік қызметкерлердің сапалық құрамы да артты. Мемлекеттік қызметкерлер қатары 1 ғылым докторы, 2 ғылым кандидаты, 3 PhD докторы және «Болашақ» бағдарламасының 3 түлегімен толықты. Ал бос лауазымдардың саны өткен жылғыдан 4,1%-ға дейін азайып отыр, – дейді облыс әкімі.
Тұңғыш Президент күніне орайластырылған конференцияда төрт өзекті мәселе талқыға түсті. Қатысушылар мемлекеттік аппараттың ілгері дамуы, ауылдық округ әкімдерінің мәртебесі сынды мәселелер аясында ой бөлісіп, пікір алмасты.
Екінші шара – Мемлекеттік қызметшілер аллеясы. Бұрын Атырауда мұндай орын болған емес. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Салауат Мүксімовтің айтуынша, аллеяда әйнектен жасалған 11 стендте еліміз тәуелсіздік алған кезден бері мемлекеттік қызметті дамытудың маңызды үш кезеңі қамтылып отыр. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен транспаренттілігінің көрінісі сипатталыпты.
– Бұл аллея «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға үлес қосып жүрген мемлекеттік қызметшілердің еңбегін ұлықтау үшін ашылды. Мұнда әйнектен жасақталған стендтер мен мемлекеттік қызметке жаңадан келген қызметшілердің ашық аспан астында ант қабылдауына арналған алаң бар, – дейді С.Мүксімов.
Атырау облысы
Мажарстанның мерейі үстем болды
Спорт • Кеше
2020 жылы қанша кәсіпорын жабылып қалды?
Қазақстан • Кеше
Футбол • Кеше
Мақтааралдық диқандар егістік жұмыстарын қаңтарда бастады
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 7 жаңа медициналық нысан салынуда
Аймақтар • Кеше
Алматыда коронавирустық жағдай күрделене түсті
Аймақтар • Кеше
Мәжбүрлі еңбекке тартылған азаматтың көмегі
Қоғам • Кеше
Теңгеге әсер ететін факторлар нақтыланды
Қаржы • Кеше
4 080 педагог біліктілік тестілеуден өтеді
Аймақтар • Кеше
Сыбайлас жемқорлық жасаған 15 басшы жауапқа тартылды
Қоғам • Кеше
Шымкентте ТОП-10 инвестициялық жобалар іске асады
Аймақтар • Кеше
Қор биржасы 2020 жылды қортындылады
Қаржы • Кеше
2020 жылы қазақстандықтар қанша алтын құйма сатып алды?
Аймақтар • Кеше
Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Аймақтар • Кеше
ЕО вакцинация төлқұжатын енгізе ме?
Медицина • Кеше
Елордада заңсыз орнатылған жарнама объектілері анықталды
Елорда • Кеше
Қазақстан Әзербайжаннан қызанақтарды алып келуге уақытша тыйым салды
Қазақстан • Кеше
Қоғамдық көліктерде жол ақысын 4 тәсілмен төлеуге болады
Елорда • Кеше
Полицейді көлік капотында сүйреген ақмолалық 5 жылға қамалды
Аймақтар • Кеше
Қар барысының терісі: Туризм академиясының президенті сынға қалды
Қазақстан • Кеше
Ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін eGov-та 6 қызмет іске қосылды
Қазақстан • Кеше
Былтыр Қызылордада 2181 азамат «Бастау» жобасын онлайн оқыды
Аймақтар • Кеше
Қызылорадада биыл 98 тұрғын үй салынады
Аймақтар • Кеше
Елжан Біртановтың үй қамауындағы мерзімі ұзартылды
Қоғам • Кеше
Елордалық жігіт көпірден секіріп өлмек болған
Елорда • Кеше
Гүлшара Әбдіқалықова Социалистік Еңбек ерін құттықтады
Аймақтар • Кеше
2020 жылы қазақстандықтар қанша алтын құйма сатып алды
Қазақстан • Кеше
Елордада көпірден секірмек болған жігіт аман қалды
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Бердібек Сапарбаевты қабылдады
Президент • Кеше
Жамбыл облысында алғаш рет ауылда мұз айдыны ашылды
Аймақтар • Кеше
Ордабасыда құны 1 млн теңгеден астам күркетауықтарды ұрлап кеткен
Қазақстан • Кеше
Атырауда ішімдік ішкен 20-ға жуық жасөспірім ұсталды
Аймақтар • Кеше
WhatsApp бөтен адамға ақпарат беретіні рас па?
Технология • Кеше
20 қаңтар: Жетісайда егін маусымы басталды
Аймақтар • Кеше
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Қазақстан • Кеше
Елордада 10 мың дана экодорба таратылады
Экология • Кеше
Үржарлық полицейлер қалың қармен күресті
Видео • Кеше
Алматыдағы метро басшысы тағы ауысты
Тағайындау • Кеше
Жақынына жанашыр болған жетісулықтар
Аймақтар • Кеше
Асқар Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
Аймақтар • Кеше
Кәсіпкерлердің құқын бұзу дерегі кемімей тұр
Қоғам • Кеше
Түркістанда машина жасау саласына инвестиция тартылады
Аймақтар • Кеше
Қызылордада былтыр иттердің көмегімен 192 қылмыс ашылды
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында 5 кило есірткі тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Алматының тағы 50 мың тұрғыны сапалы ауыз суға қол жеткізеді
Аймақтар • Кеше
Маңғыстау облысында жұмыссыздық деңгейі 5% құрады
Аймақтар • Кеше
Зейнетақы жинақтарын қалай тексеруге болады?
Экономика • Кеше
Руханият • Кеше
Қостанай архивіне Татарстаннан құнды құжаттар әкелінді
Руханият • Кеше
Германия карантинді 14 ақпанға дейін ұзартты
Әлем • Кеше
Сицилияда тұрғын үйлер 1 еуродан сатылып жатыр
Әлем • Кеше
Ұрылар 3 млн теңгенің мүлкін қолды еткен
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар