Л.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен департамент ұжымы бірлесіп ұйымдастырған іс-шара барысында Елбасының өмір жолы, жастық шағы, қоғамдық-саяси қызметі туралы қазақ және орыс тілдеріндегі кітаптар мен басылымдар көпшілік назарына ұсынылды.
– Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбек жолы мен Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы егіз. Елбасының әр жылдары Қостанай облысына келген жұмыс сапары кезінде түсірілген фотосуреттер де осы көрмеден орын алған. Бұл фотосуреттердің өзі бүгінде тарихтан сыр шертетін шежіре құжатқа айналған. Тұңғыш Президент кезінде осы өңірдегі көптеген ірі кәсіпорынның ашылу рәсіміне тікелей қатысып, батасын берген. Бүгінде сол өндіріс ошақтарының бәрі табысты жұмыс істеп, елімізге сапалы өнімімен танылып отыр. Сондықтан Тұңғыш Президенттің өмір жолын зерделей отырып, Қостанай облысының да тәуелсіздік жылдарындағы қалыптасу, даму тарихын көруге болады, – дейді полиция майоры Ринат Кенжебаев.
Қостанай облысы