Әрине, оған еш таңдануға болмас. Өйткені, қазіргі кезде Қазақстанның былғары қолғап шеберлері арасында жалғыз Геннадий Головкин ғана ең белді нұсқалар бойынша әлем чемпионы атағын иеленуде. Әзірге өзге жігіттеріміз ондай табыстарымен мақтана алмайды. GGG –нің шаршы алаңға шықпағанына бір жылдан аса уақыт өтсе де, одан беделіне еш нұсқан келген жоқ. Естеріңізге сала кетейік, соңғы рет жерлесіміз 2019 жылдың 5 қазанында украиналық Сергей Деревянченкодан басым түскен болатын. Енді ол 18 желтоқсанда польшалық Камил Шерметамен күш сынасуға тиіс. Барлығы 42 рет рингке көтерліген GGG 40 жекпе-жекті өз пайдасына шешті. 35 қарсыласын нокаутқа жіберді. Бір рет ұтылып, бір бәсекеде тең есеп тіркелді.
Ал үздіктер тізімінде Геннадий Головкиннен кейінгі сатыларға Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО), Қанат Ислам (27-0, 21 КО), Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО), Әли Ахмедов (16-0, 12 КО), Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО), Мейірім Нұрсұлтанов (13-0, 8 КО), Айдос Ербосынұлы (14-0, 9 КО), Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) және Жан Кособуцкий (14-0, 13 КО) сынды саңлақтар жайғасты.