«Қауіпті індетке шалдыққан науқастардың 8-і Атырау қаласында тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінде 16 жұмысшының, Индер ауданында бір адамның Сovid-19 инфекциясын жұқтырғаны расталды. Науқастардың бесеуінде коронавирус белгісі симптомды түрде өтіп жатыр» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Өткен тәулікте үй жағдайында ем алған 4 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан. Қазір 120 адам үй жағдайында емделуде. Ал, облыстық инфекциялық стационарда 34 науқас, аудандардағы стационарларда 7, Теңіз кенішіндегі стационарда 86 адам ем қабылдап жатыр.