Оқиға • 03 Желтоқсан, 2020

Әскери ынтымақтастық бағыттары талқыланды

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылдың 1 желтоқсанында ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің қорғаныс ве­до­мст­волары басшыларының кезекті отырысы бейне конференция байланысы ре­­жімінде өтті.

Әскери ынтымақтастық бағыттары талқыланды

Қорғаныс министрлерінің кеңесі әскери саясат, әскери құ­рылыс және әскери-тех­ни­ка­лық ынтымақтастық сала­сын­дағы Өзара іс-қимылды үйлестіру мәсе­лелері жө­ніндегі ұйымның ресми жарғылық кон­суль­тативтік және атқарушы органы болып табы­лады.

Аталған кеңеске Қазақстан Рес­­пуб­ли­ка­сының атынан Қор­ға­ныс министрі, генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев қатысты.

Қорғаныс ведомстволарының басшылары әскери қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерге қатысты пікір алмасты, әскери шеңбердегі ҰҚШҰ қызметінің басым ба­ғыт­тарын келісті.

Отырыс барысында ма­те­риал­дық-тех­ни­­калық, ме­ди­­циналық қамтамасыз ету, бітім­гершілік қыз­мет, кадрлар даяр­лы­ғын, ғы­лыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру, сондай-ақ ҰҚШҰ ұжым­дық күш­терінің бірлескен жа­уынгерлік даяр­лық іс-шара­ла­рына қа­тысты бірқатар мә­се­ле­лер қаралды.

«Оқу-жаттығу сценарийіне қазіргі қару­лы қақтығыстардан алынған сабақ­тар­­ды қосу қажет деп санаймыз. Біз қауіп-қа­­тер­лер­ге ұжымдық тойтарыс беруге да­йын екенімізді көрсетіп, жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің жаңа әдістері мен тәсілдерін пысықтауға тиіспіз», деп атап өтті генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев.

Сонымен қатар тараптар 2021-2025 жыл­дарға арналған Ұйым­­ға мүше мемле­кет­­тердің әс­­ке­ри ынтымақтастықты да­мы­ту жос­­парын талқылады.