Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2020

Атыраудың білім саласында 25 нысан салынып жатыр

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының білім саласында 25 нысан салынып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атыраудың білім саласында 25 нысан салынып жатыр

Облыстық құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мерей Жантөреевтің мәлім етуінше, студенттерге арналған жатақханалар, мәдениет үйлері, демалыс аймақтары, спорт және денсаулық сақтау нысандары салынып жатыр.

«Өңірде білім беру саласына арналған нысандар құрылысы да қолға алынды. Қазір құрылысы басталған 15 балабақшаның ішінде 9 нысан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік  аясында жүзеге асырылуда. Биыл 1130 орынға есептелген 4 балабақша пайдалануға берілді. Ал үш ауысымда білім беретін, сондай-ақ апатты жағдайдағы мектептер мәселесі кезең-кезеңмен шешімін табады. Осы салада 5204 орындық 10 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 1324 орындық 3 мектеп осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі» деп мәлім етті Мерей Жантөреев.