Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2020

Атырауда 28 жастағы әйел сырқат баланы желеу етіп, ақша жинаған

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда 28 жастағы әйел сырқат баланы желеу етіп, ақша жинаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда 28 жастағы әйел сырқат баланы желеу етіп, ақша жинаған

«Алаяқ әйел Іnstagram-да церебралды сал ауруына шалдыққан үш жасар сәбиді емдеуге қаражат жинау туралы беріліп, кейін алынып тасталған хабарландыруды көрген. Өзінің арам ойын іске асыру үшін алдымен әлеуметтік желіде жеке парағын ашқан. Оған науқас баланың фотосуретін және өзінің банктік деректерін көрсетіп, көмек сұраған жазбасын жариялайды. Жалған хабарландыруды кездейсоқ көріп қалған баланың анасы полицияға арызданды» дейді облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Қалалық полиция басқармасы №1 полиция бөлімінің қызметкерлері жалған хабарландыру берген әйелді ұстады. Ол – Атырау қаласының 28 жастағы тұрғыны.

«Ұсталған әйелдің 40 мың теңге қарызы болған. Сол қарызын өтеу үшін осылай әрекет еткен. Оның есепшотына 16-23 қарашада сырқат балаға көмек қолын созған азаматтардан 37 мың теңге түскені анықталды. Сотқа дейінгі тергеу кезінде күдікті әйел аталған қаржыны сырқат баланың анасына берді» дейді департамент бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Қазір ҚР Қылмыстық Кодекстің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше