«Науқастардың бесеуі Атырау қаласында анықталды. Теңіз кенішінде 23 жұмысшыдан, Жылыой ауданында 3 адамнан қауіпті індеттің белгісі табылды. Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың басым бөлігі кезекті медициналық тексеріс кезінде анықталған. Науқастардың барлығында инфекция симптомсыз түрде өтіп жатыр» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Облыстық инфекциялық стационарда 32, аудандардағы стационарда 8 науқас емделіп жатыр. Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда емделіп жатқан науқастар саны 102 адамға жетіп отыр. Ал үй жағдайында 136 адам емделуде.