02 Желтоқсан, 2013

Мерекеге орайластырылған жаңа жоба

347 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрлігі Қазақстанның мемлекеттік органдары арасында алғашқы болып Korganyz.kz-Интернет-телевидениесін іске қосты. Бұл Қазақстан әскерінің оң беделін нығайтуға бағытталған жаңа жоба болып табылады.

Қорғаныс министрлігі Қазақстанның мемлекеттік органдары арасында алғашқы болып Korganyz.kz-Интернет-телевидениесін іске қосты. Бұл Қазақстан әскерінің оң беделін нығайтуға бағытталған жаңа жоба болып табылады.

 

Korganyz.kz порталына тек әскери мамандардың қызы­ғушылығын оятып қана қоймай, Қарулы Күштердің кең аудиторияға арналған тыныс-тіршілігі мен Қорғаныс министрлігінің қызметі туралы бейнематериалдар, фоторепортаждар орналастырылған. Бейнеқызмет онлайн-таратылымдар мен бейнеконференция­лар жүргізуге, сондай-ақ, зама­науи тех­нологиялар мен комму­ни­ка­­­ция­лардың әдістерін неғұрлым кеңірек қолдануға мүмкіндік береді.

Korganyz.kz әскери парадтарды, жауынгерлік оқу-жаттығуларды және өзге де ресми іс-шараларды оn-line режімінде таратуды ұйымдастыру үшін қолданылады. Оны пайдаланушылар әскери-патриоттық тақырыптағы бейне-фотомұрағаттарға оңай қол жеткізе алады. Сондай-ақ, қазақ­стандықтардың көзайымына айналған «Айрықша тапсырма» реалити-шоуын, Қорғаныс министрлігінің бастамасымен жасалған өзге де арнайы жобаларды тарату жоспарланып отыр.

Korganyz.kz – бұл Қазақстан әскерінің жетістіктері мен әскери адамдардың тағдырына бейжай қарай алмайтын адамдарға ар­налған бейне-портал.

Әскери интерет-телевидениені іске қосу Қазақстан Респуб­ли­касының Тұңғыш Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың күніне орайластырылып отыр. Бұл мерекенің негізгі идеясы – қоғамды Қазақстанның тұрақты және қарқынды дамуының іргетасына айналған Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясаттың маңына топтастыру.

Өз өмірін әскермен байла­ныс­­тырған жастар тек консти­ту­­ция­лық борыштарымен ғана емес, саналы түрдегі жеке таң­дау­ла­ры арқылы да Жоғарғы Бас қол­бас­шыға әріптес болу керек. Нағыз ер-азаматтың, өз Отанының патрио­ты мен қорғаушысының таңдауы – туған Отаны мен хал­қына және оның лидеріне адал болу.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар