02 Желтоқсан, 2013

Құттықтаулар

314 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына әлемдік сарап­тамалық қауымдастықтардың, ғалымдардың Еур­азия экономикалық клубының құрметті профессорлары және Нобель сыйлығы лауреаттары Астаналық клубының мүшелері атынан көптеген құттықтаулар түсуде.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына әлемдік сарап­тамалық қауымдастықтардың, ғалымдардың Еур­азия экономикалық клубының құрметті профессорлары және Нобель сыйлығы лауреаттары Астаналық клубының мүшелері атынан көптеген құттықтаулар түсуде.

Марк УЗАН,

жаңартылған Бреттон-Вудс комитетінің

атқарушы директоры.

Соңғы үш жыл ішінде мен, Назарбаев мырза, Сізбен кездесуге мүмкіндік берілген Астана экономикалық форумына қа­ты­су құрметіне ие болдым. Мен Форум кезінде идея алмасудан үлкен ләззат алдым және осын­дай ауыр өтпелі кезеңде жа­һандық қаржылық сәулет ісін реформалау қажеттігіне назар аударғаныңызға таңғалдым. Мен, сондай-ақ, Сіздің бү­гін­гі күн мен болашақтың мәселелерін шешу үшін бүкіл әлем бойынша қа­тысушыларды тартудың ең жақсы платформасы саналатын дағдарысқа қарсы бастамаңызға (G-Global) тәнті болдым.

Мен Сізді шын жүректен құт­тықтаймын және Сізге ден­сау­лық, бақыт және сәттілік тілей­мін. Келесі жылы өтетін Астана экономикалық форумында Сізбен кездесуді асыға күтемін.

* * *

Филипп Нобель,

Нобель халықаралық туыстық төрағасы,

Тогрул Багиров,

Нобель мұрасы Баку қорының төрағасы,

Густав Нобель,

Нобель сенімі Трастының төрағасы.

Еуразия қауымдастығы «Нобель халықаралық туыс­тығы, Нобель мұрасы Баку қоры, Нобель сенімі Трасты атынан біз Сізге 1 желтоқсан – тарих үшін төтенше маңызды күні ең жақсы тілектерімізді білдіргіміз келеді.

Еуразия экономикалық ға­лым­дар клубы қауым­дас­ты­ғының қызметіне және жыл сайын Астана экономикалық форумы жұмысына қатысудың өзі үлкен сәттілік, сондықтан біз Сіздің еліңіздің халықаралық қауымдастықтың бөлігі бола отырып, өркендеп келе жатқанына тек қана өз таңданысымызды жеткіземіз.

Жоғары мәртебелі, Сіздің осындай қысқа мерзімде қол­ жеткізген жетістігіңіз – ұлт­тық деңгейде ғана емес, халық­аралық ауқымда маңызды іс. Біздің пікірімізше, Еуразия экономикалық ғалымдар клу­бы қауымдастығы осындай жетістікке қол жеткізу жо­лын­дағы маңызды құрал мен фак­тордың бірі болып табылады!

Біздің ынтымақтас­тығы­мыздың терең тарихы бар, сон­дықтан, Сіздің рухтандыратын басқаруы­ңыз­бен болашақта әрі қарай да өзара әрекеттестігімізді нығай­та­ты­ны­мызға кәміл се­неміз.

 

* * *

Ричард РОБЕРТС,

Психология және медицина бойынша 1993 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты.

1 желтоқсан – Қазақстан Рес­пуб­ликасы Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге байланыс­ты Сізге және қазақ халқына ізгі тілегімді қабыл алуыңызды сұ­раймын.

Мен біздің болашақта қайта кездесуге мүмкіндігіміз болады деп сенемін.

* * *

Виллем КОК,

Мадрид клубының президенті, 1994-2002 жылдар аралығындағы Нидерланды Премьер-министрі.

Мен 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының ұлттық мейрамын мерекелеуге байланыс­ты өзімнің шынайы тілегімді білдіргім келеді. Мадрид Клубы мүшелері мен хатшылығы атынан мен Сізге және Қазақстан халқына мәңгілік амандық тілеймін және ұзақ жылдар бойы өркендеуіне тілектеспін.

Сондай-ақ, осындай маңыз­ды күні маған сіздердің қонақ­жай­лықтарыңыз бен барынша­ қолдау көрсеткендеріңізге ал­ғыс білдіре отырып, өзімнің және­ әріптестерімнің атынан жыл­ сайын өткізілетін Астана эко­номикалық форумы және жаһан­дық жарылыстарға қарсы күресу үшін құрылған басқа да маңызды халықаралық бастамаларға ұдайы қатысатындығымызды жеткізуге рұқсат етіңіздер.

Мен біздің өзара тиімді және өнімді ынтымақтастығымыз әрі қарай нығая және тереңдей тү­сетініне сенемін.

 

* * *

Әділбек ЖАҚСЫБЕКОВ,

Қорғаныс министрі.

Құрметті Отан қорғаушылар!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын. Бүгін біздің армиямыз ел Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың үнемі қолдауының арқасында ТМД елдері әскерлері арасында көш бастады. Біздің Қарулы Күштеріміздің қуаты мен қауқары халықаралық жаттығуларда және 2013 жылы 7 мамырда өткізілген Жауынгерлік парадта кеңінен көрсетілді. Сіздер өздеріңіздің жоғары әскери шеберліктеріңізді, жауынгерлік өзара іс-қимыл танытудағы деңгейлеріңізді, іс жүзінде өз істеріңіздің кәсіби ше­бері әрі нағыз патриот екендік­те­ріңізді таныттыңыздар!

Біз Жоғарғы Бас қолбасшы­мыздың: «Қазақстандық әскери қызметші әрқашан патриотизмнің эталоны және жас ұрпаққа үлгі болуға тиіс», деген кеңесін есте сақтап, күнделікті басшылыққа алуға міндеттіміз.

Сіздерге және сіздердің туыстарыңызға денсаулық, бақыт және Отанымызға бейбіт аспан тілеймін!

 

* * *

«Нұр Отан» партиясының ресми порталы.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен барша қазақстандықтар мен нұротандықтарды шын жүректен құттықтаймыз!» деп жазады портал.

1991 жылғы 1 желтоқсанда Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жалпыхалықтық сайлауы өткен еді. Сондықтан бәрімізге ортақ мерекеде Отанымыздың игілігі мен көркеюі жолында әрбіріңізге жемісті еңбек пен толағай табыс тілейміз. Шаңырақтарыңыз шаттыққа толып, дендеріңіз сау, істеріңіз берекелі болсын, делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар