02 Желтоқсан, 2013

Мысырдың жаңа конституциялық заң жобасы қабылданады

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

02 12 - Misir zanМысыр конституциялық комиссиясы елдің негізгі заңын жетілдіріп шығарды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Жексенбі күні Мысыр конституциялық кеңесінің басшысы Амр Муса мәлімдегендей, 3 желтоқсанда конституция жобасы елдің уақытша президенті Адли Мансурға қол қоюға беріледі. Мемлекет басшысында негізгі заңның жетілдірілген нұсқасын референдумға шығаруға бір ай уақыт бар.

Негізгі заңда конституцияның қабылдануынан кейін алты ай ішінде сайлау өту керектігі жазылған. Сондай-ақ комиссия парламент сайлауынан бұрын президенттік сайлауды өткізу жөнінде түзету енгізді.

Мысыр әскерінің қабылдаған «жол картасы» бойынша, елде алдымен жаңа конституция жобасы туралы референдум өткізіліп, келесі жылдың көктемінде парламенттік ал жазында президенттік сайлау өтуі тиіс еді.

Дауыс беру барысында, сайлауды «жол картасы» тәртібімен өткізуді комиссияның 28 өкілі қолдаған. Қалғандары алдымен президенттік, содан кейін барып парламенттік сайлау өткізуді қолдап отыр.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар