Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2020

Маңғыстауда кәріз суын қайта пайдалану технологиясы енгізіледі

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімі С. Трұмов Ақтау қаласындағы 2-кәріз тазалау қондырғысынан (КОС-2) шығатын кәріз суын залалсыздандыру арқылы пайдалану пилоттық жобасымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстауда кәріз суын қайта пайдалану технологиясы енгізіледі

Қазіргі таңда, 5 залалсыздандыру қондырғылары Ақтау қаласына жеткізіліп, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Бастапқыда қондырғының қуаттылығы тәулігіне 16000 текше метрді құраса,  кейін ол 40000 текше метрге дейін ұлғаяды. Зертханалық сынамалар қорытындысына сәйкес залалсыздандырылған суды қаланы көгалдандыру жұмыстарына пайдалану жоспарлануда.

Нәтижесінде, жаз айларында жасыл желектерді суаруға жұмсалатын ауыз су көлемі тұрғындарға бағытталатын болады.

Айта кету керек, бұл қондырғы әзірге Қазақстандағы жалғыз қондырғы болып табылады. Технология Ресейде, БАӘ-де және Еуропа елдерінде белсенді қолданылады.