03 Желтоқсан, 2013

Қырғызстанда тәртіпсіздіктерге қарсы шара күшейтілді

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

03 12 - Kirgiz premierҚырғызстан премьер-министрі Жанторо Сатыбалдиев дүйсенбі күні Ош облысында орын алған тәртіпсіздіктерге байланысты күштік құрылымдардың жетекшілерімен жиналыс өткізді. Бұл туралы Қырғызстан үкіметі баспасөз қызметінің ақпарына сілтеме жасаған ИТАР-ТАСС хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, үкімет басшысы күштік құрылымдарға елдегі қоғамдық-саяси ахуалды бұзушыларға қарсы қатаң шаралар қабылдап, әкімшілік ғимараттары мен басқа да мекемелерді басып алу немесе қирату әрекеттерінің алдын алуға тапсырма берді.

2 желтоқсанда тұтқындалған Қырғызстанның экс-спикері Ахматбек Кельдибековтың жақтастары митинг ұйымдастырып, Ош облыстық әкімшілігін шабуылмен басып алуға тырысқан. Алайда, милиция қызметкерлері оған жол бермеді. Сол кезде тәртіп сақшыларының тоғызы түрлі жарақат алған көрінеді. Ал 26 қарашада Ахматбек Кельдибековтің жерлестері мен жақтастары Қырғызстан мен Қытайды жалғап тұрған Ош-Иркештам автожолын жауып тастап, нәтижесінде онда көптеген жүк көліктері жиналып қалған еді.

Ахматбек Кельдибековке «жемқорлық» пен «қызметтік жағдайын асыра пайдалану» баптары бойынша айыптар тағылды. Экс-спикердің кінәсі дәлелденген жағдайда, сот оны 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар