03 Желтоқсан, 2013

Судья жол апатынан қаза болды

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
03 12-BatisБүгін, Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Теміржан Нұғманов жол апатынан қаза болды. Бұл туралы «Мой город» хабарлады. «Бірнеше сағат бұрын Ақтөбе облысы Қобда кентінің аумағында жол апаты орын алып, Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Теміржан Нұғманов қаза тапты», – делінген жергілікті баспасөз құралы таратқан хабарламада. Судьяның көлігін өз ұлы басқарған екен. Жол-көлік оқиғасы орын алғаннан кейін оларды ауруханаға жеткізген. Алайда, судья есін жимаған күйі қайтыс болды. Ұлы болса осында ем алып жатыр. Қазір оқиғаның себеп-салдары тексерілу үстінде. Осы орайда, Теміржан Нұғмановтың кезінде Батыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық алқасын басқарғанын атап өткіміз келеді. Бақытбек Кенешұлы. Дереккөз: «Мой город»
Соңғы жаңалықтар