Ұзақ іріктеу және келісу процесінің қорытындылары бойынша консенсусқа қол жеткізілді және онлайн-режимде өтіп жатқан ЕҚЫҰ СІМК барысында жаңа басшылар сайланды.
Сайлау процесінің басынан бастап негізгі лауазымдардың бірі – ЕҚЫҰ Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары (ЕЫҚҰ АҰЖК) – Қазақстан өзінің Швециядағы Елшісі Қайрат Әбдірахмановтың кандидатурасын ұсынды.
Елші Қ.Әбдірахмановтың кандидатурасын ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдер оң қабылдады, бұл біздің елімізге басқа үміткерлермен ашық конкурста біздің кандидатурамыздың айналасында кең консенсус қалыптастыруға мүмкіндік берді. Қазақстандық дипломаттың Сыртқы істер министрі, БҰҰ жанындағы және ЕҚЫҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілі лауазымында айтарлықтай дипломатиялық жұмыс тәжірибесі бар.
Бұған дейін ТМД және Орталық Азияны қоса алғанда, «Венадан шығысқа» қарай орналасқан елдердің өкілдері ешқашан ЕҚЫҰ басшылығының құрамында болмағанын атап өту маңызды. Қазақстанның көпұлтты және көпконфессиялы қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді қолдау жөніндегі тәжірибесі нақ осы қазақстандық кандидатты таңдауға ықпал еткені сөзсіз.