1 желтоқсан күні Хорватияда бір жынысты кісілердің некеге тұру мәселесін талқылаған референдум болып өтті. Ал оның қорытындысы кеше, дүйсенбі күні жария етілді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Референдум «Отбасы атынан» атты қозғалыстың бастамасы бойынша өткізілген екен.Ол үшін 750 мың қол жиналған. Сондай-ақ, бірнеше ай бойы Балқан түбегінде осы мемлекетке қатысты қызу қоғамдық пікір алмасулар болды. Нақты айтқанда, бір жыныстылардың отбасы құруларын қолдаған науқан «Қарсы жаққа дауыс бер» деп аталды.
Жалпы,референдумның алдында Загребте сауалдама жүргізілді. Онда жұрттың 59 пайызы дәстүрлі некені қалайтыны, 31 пайызы бір жыныстылар одағын жақтайтыны мәлім болды. Соған қарамастан,референдумдағы дауыс ара салмағында алшақтық орын алды. Дауыс беруге келгендердің 63 пайызы бір жыныстылардың отбасы құрғандарын жақтаған, 31 пайыздық дауыс қарсылық білдірген. Бұл ретте референумға 3,8 млн. дауыс берушінің 30 пайызы ғана келіпті.
Бақытбек Кенешұлы.
Дереккөз: «ИТАР-ТАСС»