Қоғам • 07 Желтоқсан, 2020

Әріптестік туралы меморандумға қол қойды

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ және Әзербайжан волонтерлік ұйымдарының одағы (ӘВҰО) волонтерлік саласындағы әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

Әріптестік туралы меморандумға қол қойды

Онлайн-кездесуде әзербай­жан­дық және қазақстандық волон­терлік ұйымдардың өкіл­дері, ӘВҰО төрағасы Тұрал Гумбатов және «Ұлттық волон­тер­лік желі»  атқарушы директоры Татьяна Миронюк сөз сөй­леді. 

«Біздің Әзербайжанда да осы жыл Волонтерлер жылы деп белгіленді. Еліміз үшін көп нәр­селер істеп жатқанымызға қуа­ныштымыз. Қолымыздан кел­геннің бәрін жасауды тоқтат­паймыз. Біз Қазақстаннан және бүкіл әлемнен волонтерлерді ша­қы­рамыз», деді Әзербайжан волонтерлік ұйымдары одағының төрағасы.

Өз кезегінде Татьяна Ми­ро­нюк екі ел арасындағы ын­ты­мақ­­тастықты дамытуға өз се­ні­мін біл­дірді: «Волонтерлік әр­қашан жү­ректен өтеді. Біз­дің барлық күш-жігеріміз бен ойымызды во­лон­терлік қыз­мет сияқты керемет арнаға бірік­тір­геніміз өте жақсы».

Конференцияға екі елдің во­лон­­терлері де қатысты. Олар өз қызметі туралы айтып, же­ке тәжірибелерімен бөлісті. Волон­терлер экологиялық, әлеуметтік, білім берудегі және Формула-1 сияқты ірі іс-шаралардағы волон­терліктің кең спектрін ұсынды.

Кездесу барысында волонтерлер байланысты қолдау үшін жеке ақпараттарымен алмасты, тіпті ортақ жобаларды құруға жә­не оларға қатысуға тікелей қы­­зы­ғушылық танытты. Іс-шара ұйым­дар арасында екі жақты ме­морандумға қол қоюмен аяқ­талды.