Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2020

Балықшылар Жайыққа батқан шетелдік велосипедшіні құтқарып қалды

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау балықшылары Жайыққа батқан шетелдік велосипедшіні құтқарып қалды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Балықшылар Жайыққа батқан шетелдік велосипедшіні құтқарып қалды

Жайық өзенінде мұз қатты. Алайда төтенше жағдай департаментінің мамандары мұздың әлі жұқа, оның үстімен жүру қауіпті екенін ескертіп отыр. Соған қарамастан кеше, 6 желтоқсанда балықшылар Жайық өзеніне батқан шетелдік велосипедшіні құтқарып қалды.

Шетелдік велосипедші Жайық өзенінің үстімен өтіп бара жатқанда мұз ойылған. Мұны балық аулап жүрген балықшылар байқап қалып, құтқаруға ұмтылған. Балықшылардың бірі өзімен бірге алып жүрген арқанын шығарды. Сөйтіп балықшылар шетелдік азаматты өзеннен шығарып алды.