Мамандардың айтуынша, тәртіп бұзушылар негізінен қоғамдық тамақтану орындары - мейрамханалар, демалыс орындары, банкет залдары, сондай-ақ сауда және ойын-сауық нысандары. Бұзушылықтар – бұқаралық іс-шаралар өткізу, жұмыс уақыты мен маска тағу тәртібін сақтамау, келушілердің тым көп болуы.
6 желтоқсандағы жағдай бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аудандық басқармаларына карантинді бұзушыларға қатысты 2213 материал келіп түсті. 1151 жеке және заңды тұлға жалпы сомасы 226 363 114 теңгені құрайтын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.