Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2020

Атырауда түрмеге телефон өткізбек болған азамат ұсталды

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері  тергеу изоляторында отырған күдіктіге 4 ұялы телефонды өткізбек болған азаматты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда түрмеге телефон өткізбек болған азамат ұсталды

«Бұл телефондар есірткі мен қаруды заңсыз сақтағаны үшін уақытша қамауға алынған күдіктіге арналғаны анықталды. Оны 24 жастағы азамат тамақтың арасына салып әкелген. Мекеме қызметкерлері 8 желтоқсанда қырағылық танытып, заңсыз сәлемдемені күдіктіге жеткізу жолын кесті. Аталған дерекке қатысты 24 жастағы тұрғын ұсталды. Қазір тексеру жұмыстары жүргізілуде», дейді департаменттің күзет және режим бөлімінің бастығы Асылбек Рахманов.

Қазір тергеу изоляторына әкелінген сәлемдемелер «Адани» рентген аппаратымен тексеріледі.