Спорт • 09 Желтоқсан, 2020

Биатлоннан Қазақстан чемпионаты өтеді

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында биатлоннан 2020 жылғы Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан биатлоншылар одағына сілтеме жасап. 

Биатлоннан Қазақстан чемпионаты өтеді

Ел біріншілігі 20-28 желтоқсан күндеріне белгіленген. Жылдың ең маңызды додасы Алматы облысында орналасқан "Алатау" спорт кешенінде өтеді деп жоспарланған. 

Айта кетерлігі, ел чемпионаты санитарлық талапқа сәйкес көрерменсіз өтеді.