Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2020

Пранк жасаған блогерлер 10-15 тәулікке қамалды

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы полицейлері жол бойында шахмат ойнаған пранкерлерді қамауға алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Пранк жасаған блогерлер 10-15 тәулікке қамалды

Блогерлер Әкімшілік құқық бұзу кодексінің «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша жазаланды. Істі Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қарады.

«Сот шешімі бойынша ойыншылардың бірі - 15 тәулікке, екіншісі - 10 тәулікке қамалды. Олар қазір Алматының қабылдау-тарату орнында» деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Сондай-ақ, сот шешімімен құқық бұзушылардың жүріп-тұруына үш ай мерзімге ерекше талап қойылды. Еске салайық, 7 желтоқсан күні әлеуметтік желіде әл-Фараби даңғылының бойында шахмат ойнап отырған пранкерлердің видеосы тараған болатын.