Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2020

Атыраудың тұрғыны 109 млн теңгенің джекпотын ұтты

1423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда 66 жастағы зейнеткер "Loto 6/49" лотереясынан 109 млн теңгенің джекпотын ұтып алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Атыраудың тұрғыны 109 млн теңгенің джекпотын ұтты

Ірі көлемдегі ұтысқа ие болған 66 жастағы зейнеткер "Loto 6/49" лотереясына қатысқан. Ал тиражының ұтыс ойыны 21 қарашада өткен.

"Джекпотты ұтқанымды білген соң ұйықтай алмадым. Бұл – мен күтпеген жүлде. Лотереяны студенттік кезімнен бері сатып аламын. Содан бері 45 жыл өтті. Бірақ бұрын мұндай ірі жүлдеге ие болмаған едім. Лотерея ойнауды жалғастыра беремін", дейді ол.