Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2020

Лауазымды қызметкерлер ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінді

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің лауазымды қызметкерлері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

Лауазымды қызметкерлер ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Комитет мәліметінше, Ақмола облысы бойынша ТЖД лауазымды тұлғаларға қатысты ел аумағында (Алматы, Көкшетау, Нұр-Сұлтан, Павлодар және Қарағанды) заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру бойынша сотқа дейінгі тергеуді басталды.

ҚР Қылмыстық кодексінің нормаларына сәйкес (сотқа дейінгі тергеу деректерін жария етуге жол берілмейді) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің барысы туралы ақпарат жарияланбайды.

Сондай-ақ, ведомство мәліметінше, 2020 жылдың басынан 765 заңсыз ойын мекемесінің қызметі тоқтатылған.

"22 жасырын казино жойылып, 12 мыңнан аса ойын автоматы заңсыз айналымнан алынды. Бұл көрсеткіштерге "Стоп-ойын" жедел-профилактикалық іс-шарасын жандандыру арқылы қол жеткізілді", - делінген хабарламада.