Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2020

Автокөліктердің мемлекеттік нөмірлерін дайындау мерзімі қысқартылды

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Автокөліктердің мемлекеттік нөмірлерін дайындау мерзімі қысқартылды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Автокөліктердің мемлекеттік нөмірлерін дайындау мерзімі қысқартылды

Күн сайын елімізде 10 мыңға жуық автомобиль тіркеледі.

Бұл қызметті азаматтарға барынша қолайлы ету үшін тоғыз ірі облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар үш қалада автокөлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындау бойынша станоктар орналастырылған.

Елордада және Алматы қаласында төрт станок, Шымкент қаласында екі станок орнатылды.

Осылайша, біріншіден, мемлекеттік нөмірлерді дайындау және жеткізу мерзімдері айтарлықтай қысқарады, сондай-ақ олардың өндірісі нақты қажеттілікке байланысты реттеледі.

Екіншіден, мемлекеттік нөмірлердің телнұсқаларын дайындау мерзімі 15 күннен бес жұмыс күніне дейін үш есеге қысқарды.

Егер бұрын елімізде тек екі станок болса және мемлекеттік нөмір тек Нұр-Сұлтан мен Алматыда жасалса, қазір 12 өңірде осындай 18 станок бар.