Экономика • 10 Желтоқсан, 2020

Биыл 11 айда жеңіл өнеркәсіп өсімі 15,5% құрады - Бейбіт Атамқұлов

10 рет көрсетілді

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің ағымдағы жылғы қаңтар-қарашадағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын қарау барысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылдың 11 айының қорытындысында өңдеу өнеркәсібінде оң үрдіс сақталды. Саланың барлық секторларында өсім бар.  Машина жасау саласында 116,4% деңгейінде тұрақты өсім сақталды. Автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер, өзге көлік құралдарын, электр жабдықтарын жасау, машиналар мен жабдықтар өндірісі өсті. Түсті металлургияда да оң динамика байқалады. Өсім - 102,2%.

«Тазартылған алтын, құйма алтын өндіру, түйіршіктердегі күміс, Доре қорытпасы, бастапқы алюминий және басқа да көрсеткіштердің өсуіне қол жеткізілді. Қара металлургияда өсім 100,4% болды.  Арматура прокаты, ферро-силико-марганец, арматуралар, шарлар және домалақ шыбықтардың тауар өндірісі өсті. Фармацевтика өнеркәсібі ішкі нарықтың ең қажетті өнімдерге сұранысын толық өтеп, өндіріс көлемін 139,5% жеткізді», —  деді Б. Атамқұлов.

Жеңіл өнеркәсіпте өндіріс 15,5% өсті. Ол тоқыма бұйымдары өндірісінің, киімнің және былғары өнімдердің ұлғаюына байланысты болды. Қағаз және қағаз өнімдері өндіріс көлемінің өсімі 14,6% құрады. Ағаш және тығын бұйымдары өндірісі көлемінің өсімі 47,3% құрады.

«Көлік саласында нақты көлем индексі 2020 жылдың қаңтар-қараша айларында 82,9% құрады. Дәстүрлі сегменттердегі тасымалдардың төмендеуіне қарамастан, контейнерлік жүктерді транзиттік тасымалдауда оң нәтижеге қол жеткіздік. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 799,7 мың жиырма фунттық балама тасымалданды. Өсім 136% құрады», —  деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

Көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 3,6 млрд тоннаны немесе былтырмен салыстырғанда 93,2% құрады. Құрылыс саласында нақты көлем индексі 2020 жылдың қаңтар-қараша айларында 112,1% болды. 15 өңірде оң динамика байқалады. Тұрғын үй құрылысында биылғы 11 ай қорытындысында 12,1 млн ш.м. баспана пайдалануға берілді, бұл – өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 109,3% құрайды. 

Республика бойынша барлығы 106 мың 86 баспана пайдалануға берілді. 15 өңірде бұл көрсеткіш артты. 

Министрлік 2020 жылға қойылған міндеттерді іске асыру үшін салалардың барынша кең шеңберінде рецессия таралуын тежеу және неғұрлым зардап шеккен салалардағы жағдайды тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Жыл қорытындысы бойынша жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізіледі. 

Соңғы жаңалықтар

Доллар бағасы тағы арзандады

Экономика • Бүгін, 11:30

Ұқсас жаңалықтар