Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2020

Атырауда пробация есебінде тұрған азаматтар жеке кәсібін ашып жатыр

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда пробация есебінде тұрған сотталғандар грант алып, жеке кәсібін ашып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда пробация есебінде тұрған азаматтар жеке кәсібін ашып жатыр

Биыл бес сотталған азамат «Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту жобасының курсын  аяқтап, қазір жеке кәсібімен айналысып жүр. Ал ұрлық, тонау, алаяқтық баптарымен сотталған үш жігіт бизнес-идеясын жүзеге асыру мақсатында 555 мың теңгенің мемлекеттік грантына ие болды. Енді олар бұл қаржыны жеке кәсібін ашуға жұмсағалы отыр.

«Қазір Атырау қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған тағы бір сотталған азамат көлік жуу орталығын ашып, кәсібін дөңгелете бастады. Ал Индер ауданда сотталған бір азамат  фаст-фуд дүңгіршегін ашты», -  деп мәлім деді Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Пробация қызметінің мамандары сотталғандар арасында жеке бизнесті ашуға, оларға әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетуге арналған семинар-тренингтерді өткізіп жатыр.