10 Желтоқсан, 2020

Атырауда сүйіктісіне сөз салған жігіт жазаланды

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласында 18 жастағы жігіт сүйгеніне сөз салған соң Жастар саябағында  пиротехникалық бұйымдармен отшашу ұйымдастырғаны үшін жазаға тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда сүйіктісіне сөз салған жігіт жазаланды

Жас жігіт осылайша карантиндік шектеу шараларының талабын бұзды. Осыған орай  полиция қызметкерлері жас жігітке қатысты ҚР  Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 436-бабы 2-бөлігі («арнайы бөлінбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолдану») негізінде әкімшілік хаттама толтырды.

«Сотта құқық бұзушы кінәсін мойындап, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кешірім сұрады. Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушы кінәлі деп танылды», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Ер адамға 38 892  теңге көлемінде айыппұл салынды.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024